ПЕДАГОГ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР МЕН ОЛАРҒА ТЕҢЕСТІРІЛГЕН ТҰЛҒАЛАРДЫ АТТЕСТАТТАУ ТУРАЛЫ

Педагог қызметкерлерді аттестаттау – білім беру саласының қызметкерлерінің құзыреттіліктерін бағалау, олардың біліктілік талаптарына сай екендігін анықтау, сонымен қызметкерлердің өтініші негізінде көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрі. Сонымен қатар білім беру ұйымының педагог қызметкерлерін аттестаттаудан өткізудің бірыңғай тәсілі.

Аттестаттау процессі екі жағдайда жүргізіледі: біріншісі – кезекті аттестаттау, екіншісі – мерзімінен бұрын аттестаттау. Кезекті аттестаттау жағдайында педагогикалық қызметкерлерді аттестаттау бір кезеңдеп педагогикалық қызметкердің қызмет қорытындысын кешенді талдамалық жалпылау жолымен іске асырылады. Ал, мерзімінен бұрын аттестаттауға үміткер педагогикалық қызметкерлер аттестаттаудан екі кезеңнен өтеді:

Бірінші кезең – біліктілік тестілеу (ҚР заңнамасын білу; педагогика мен психология негіздерін білу; пән білімдерінің негіздері). Өткізілу уақыты жылына екі рет.

Екінші кезең – қызмет нәтижелерін талдамалық жалпылау болып табылады.

Кез келген білім беру мекемесінің «Педагог қызметкерлерді аттестаттау» мемлекеттік қызметті ұсынуы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірінің 2020 жылғы 11 мамырдағы № 192 бұйрығында көрсетілген қағидалар мен тәртіп бойынша жүргізіледі.

Аттестаттауды өткізудің жалпы сатылары: мектептегі аттестаттау комиссиясы қыркүйектің алғашқы күндерінде құралады.

Мысалы, «Педагог-модератор» біліктілік санатына берген мұғалімдердің портфолиосын бағалауда келесі өлшем шарттары қаралады:

-Білім сапасының 5%-ға өсу қарқыны.

-Мектеп ұйымының сараптамалық кеңесінің ұсынымдары сабақтарды бағалау парақтары (3-тен кем емес)

-Кәсіби конкурстарға, олимпиадаларға және өзге де іс-шараларға қатысу (конференцияларда, симпозиумдерде, әдістемелік материалдарды әзірлеу, семинарлар, шебер сынып өткізу)

-Аудан деңгейінде іс-тәжірибесінің жинақтауы.

Біліктілік санатына сәйкестігін белгілеу үшін аттестатталушы адамдар 10 жұмыс күні ішінде тиісті деңгейдегі аттестаттау комиссиясына төмендегідей құжаттарды ұсынады:

көрсетілетін қызметті берушіге не Мемлекеттік корпорацияға:

1) өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі) (иесіне қайтарылады);

3) білімі туралы диплом;

4) қайта даярлау курстарынан өткені туралы құжат (бар болса);

5) қызметкердің еңбек қызметін растайтын құжат;

6) біліктілік санатын беру туралы куәлік және бұйрық (бұрын біліктілік санаты бар тұлғалар үшін);

7) Білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісілген бағдарламалар бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өткені туралы сертификат;

8) ұлттық біліктілік тестілеуді өткізуге жауапты білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын ұйымы қызметкерінің қолымен бекітілген және мөрімен куәландырылған ұлттық біліктілік тестілеуден өткені туралы анықтама;

9) білім алушылардың/тәрбиеленушілердің (әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) әдіскерлерін, ПМПК педагогтерін қоспағанда) жетістіктерін растайтын құжаттар);

10) кәсіби жетістіктерді және тәжірибені қорытуды растайтын құжаттар;

11) оқуды/сабақтарды бақылау парақтары (ПМПК педагогтерінен басқа);

3)-11)-тармақтарда санамаланған құжаттар түпнұсқалары мен көшірмелері ұсынылады, салыстырып тексерілгеннен кейін түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.

Қосымша келесі құжаттар ұсынылады:

Әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) әдіскерлері үшін – жарияланымдарды, жобаларға қатысуын, инновациялық, эксперименттік қызметті растайтын құжаттар, әзірленген әдістемелік материалдар;

Жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтары үшін — білім беру ұйымы басшысының мөрімен және қолымен расталған оқу жетістіктерін сырттай бағалау және (немесе) ағымдағы және (немесе) қорытынды аттестаттау нәтижелерін қамтитын біліктілік санаттарын беру арасындағы кезеңдегі білім сапасының көрсеткіштері;

Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарының педагогтері үшін-білім беру ұйымы басшысының мөрімен және қолымен расталған шеберлік пен дағдылардың қалыптасу көрсеткіштері;

Қосымша білім беру ұйымдарының педагогтері үшін – білім беру ұйымы басшысының мөрімен және қолымен расталған білім алушылардың, тәрбиеленушілердің таңдаған білім беру бағдарламасын меңгеру көрсеткіштері;

Арнайы білім беру ұйымдарының, білім беру ұйымдарындағы арнайы сыныптардың (топтардың) педагогтері үшін (ПМПК педагогтерінен басқа) – жеке дамыту бағдарламасын іске асыру бойынша маман қызметінің нәтижелілік көрсеткіштері;

Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті беруші және Мемлекеттік корпорация қызметкері мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының келісімін алады.

Бүгінгі таңда мектеп қабырғасында ұстаздық қызмет атқаратын маманның білікті, білімді, жан – жақты болуына көп мән беріледі. Білім жүйесінде кез – келген өзгерістерге дайын болуы, бәсекеге қабілетті болуы үшін, ұстаз біліктілігінің жоғары болуы маңызды.

Алматы облысы білім басқармасының

Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі.