Біз туралы

Алматы облысы Ескелді ауданының «Жетісу шұғыласы» газеті ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінде 2015 жығы 16 қарашада тіркеліп, №15692-Г куәлігі берілген.

Газеттің алғашқы нөмірі 1930 жылғы 13-ші қазанда «Вперед» деген атпен шықты. Ол Талдықорған аудандық ВКП (б) және аудандық атқару комитетінің органы болды.1932 жылы газет «Колхозшы» деген атпен шықты. Газет 1934 жылы «Социалды еңбек» деп аталды. 1939 жылы газет латын әрпімен «Сталин жолы» деген атпен шығып тұрды.1940-1942 жылдары да газет латын әрпімен шықты. Соғыстан кейінгі жылдары газет кирилл немесе бүгінде айтып жүргендей орыс алфавитімен қазақ, орыс тілдерінде шыға бастады. 1951 жылы Қарабұлақ поселкесінде аудандық газет «Сталинский путь» деген атпен шықты. 1956 жылы «Путь коммунизму» деп аталды. 1962 жылы 1-ші мамырдан бастап аудандық газет екі тілде бір-бірінен аударма түрінде өз алдына жеке «ЖЕТІСУ ШҰҒЫЛАСЫ» — «ЗАРЯ СЕМИРЕЧЬЯ» газеті деген атпен шықты.

Еліміздегі ұлы өзгерістерге, қайта құру кезеңіндегі экономикалық қиындықтарға байланысты 1994 жылғы 4-ші мамырдан аудандық газет қазақ-орыс тілдерінде біріктірілген түрде шығып келеді.

Бүгінде шығарылымның таралымы 2237 дананы құрайды. Көлемі екі баспа табақ.

Газет аптасына бір рет (жұма күні) шығады.