«Балалар кітапханасы» жобасы аясында, Баланы кітап оқуға қалай қызықтыруға болады?

Оқысаңыз балалар,
Шамнан шырақ жағылар – деп Ыбырай Алынсарин атамыз айтқандай, кітапхана оқырмандарын, кітап оқуға қызықтыру мақсатында «Балалар кітапханасы» жобасы аясында, мектеп кітапханасы жаңа әдеби оқулықтар мен толықты.

Кітапханамыздың тұрақты оқырмандары өте көп,жаңа әдеби кітаптармен толыққалы оқырмандар саны көбеймесе, азайған жоқ.Кітапханамыз жас оқырмандармен, жалпы оқырмандар үшін заман талабына сай, смарт теледидармен жабдықталды. Ақын – жазушыладың өмірі мен шығармашылығына арналған және тарихи кинолар,балаларға арналған ертегілерді көріп оқырмандардың кітапханаға келу қызығушылықтары артты.
«Баланы кітап оқуға қалай қызықтыруға болады» – деген тақырыпқа тура қарайтын болсақ, кітапханашы ретінде өзімнің ойыммен бөліскім келеді. Заман ағымы дейміз, уақыт талабы дейміз, баланың мектептен тыс бос уақытын, қайда жұмсап жатқанын білесіз. Білсе де шындығында көретін көз көрмей, еститін құлақ ондайда естімей қалады дегенге тура келеді. Әрине қолындағы ұялы телефон. Әрі қарай айтпай – ақ та, аян ғой.
Әр өзгеріс, әр жаңару, әрине, отбасынан басталады. Отбасылық әдемі бейне ата – анасы бір мезгіл қолына кітап,газет – журнал алса, баланың есінде сол бейне қалыптасатыны сөзсіз. Ия, бұл жерде ата – ана оқымайды дегенім емес, «ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген нақыл сөз дәлелі болар.
Отбасындағы әдет қоғамның ортасында әдеп болып көрінеді. Балаңыздың болашағының бастауы отбасы мен қоршаған ортасы және оқитын кітабы.
Диқаншы қолына дән алғанда ғана біледі, еңбегінің жемісін. Балаңыздың білімі жемісті болу үшін сіз болып, біз болып оқуға қызықтыруға атсалысайық. Кітапхананың әр оқырманына, болашақ мамандық иесі ретінде қараймын. Өзі қызығып алған шығармалары мен ертегілерді, әңгімелеп айтуға асығып келетіндері өте көп. «Оқуға құштар мектеп» жобасы, «Балалар кітапханасы» жобасының да басты мақсаты, кітапқа көңіл бөлу,жақсы әдет қалыптастыру. Кітап оқыған әр адамның сөзі де, ойы да сауатты болады. Жобалардың аясында көптеген іс – шаралардың негізгі мақсаты осы. Әр сынып жетекшілері, үлкен үзілісте 20 минуттық оқу уақытын қалыптастырды. Мұғалім мектептің – жүрегі болса, мектептің нұры — кітапхана дегім келеді. Сол нұрдан, шуақ алып тарайтын кішкентай оқырмандары.

Айжан Ермуханбетова,
Қоңыр орта мектебінің
Кітапханшысы