ЖАС КЕЛСЕ — ІСКЕ

Мектеп басшысының ерекшеліктердің бірі – алдына мақсат қойып, оған жете алуы. Ол өзінің нені нақты қалайтынын жақсы білуі керек және оны іске асыру үшін керекті қадамдарды алдын ала жоспарлай алуы қажет. Ол мақсаттар жұмысқа, қарым-қатынастарға, өзін-өзі дамытуға немесе материалды нысандарға бағытталса да, ең бастысы үдеріс әр уақытта бірдей жүреді.

Белгілі бір мақсатқа жету үшін көшбасшыға мәселелерді шешіп, соған сәйкес шешімдер шығару керек. Болашаққа мақсаттарды құру мен оларды орындауға бағытталған адамның ұмтылысы оның бойында керекті қасиеттерді сіңіртеді, белгілі бір әрекеттерге ынталандырады. Сондай-ақ, ол неғұрлым тезірек тиісті шешім қабылдаса, соғұрлым оның жұмысы өнімді болады. Мақсатқа жету кезінде сабырлы және дипломатты болуы керек. Ол қасиеттер өзіне деген сенімділікпен және жақсы жасалынған жұмысты көре алумен қатар жүруі тиіс.

Жақында Қазақстан Республикасының 2020-2025 жылдарға арналған білім беру және ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасын және «Табысты басшы» жобасын жүзеге асыруда «Жас менеджер» атты облыстық байқауы өтті. Ағымдағы жылдың 15-сәуір күні өткізілген байқауға ауданымыздың атынан Шестаков атындағы орта мектебінің жас мектеп басшысы Надира Смағұлова қатысты.

Байқаудың мақсаты – басқару тиімділігін арттыруға бағытталған ең тиімді менеджерлік тәжірибелерді анықтау, менеджердің жағымды имиджін құруға және таланттарын арттыруға бағыт беру болып табылады. Байқауға облыстағы жалпы орта білім беру ұйымдарының жаңадан тағайындалған, директорлық еңбек өтілі 1-3 жылға дейін мектеп басшылары қатыса алатын байқаудың міндеттері айқын болды.

«Жас менеджер» облыстық байқауы екі кезеңді қамтыды: біріншісі – «Менің көшбасшылық ұстанымым» бейнеролик түрінде сырттай өтсе, екіншісі – «Мектепті басқару моделі» онлайн режимде инновациялылығы, практикалық мәнділігі және таныстыра алу икемділігі басты бағалау өлшемдері ретінде қаралды.

Байқау нәтижесінде Шестаков атындағы орта мектебінің басшысы Надира Ақылбайқызының жұмысы өте жоғары бағаланып, жүлделі 3-орынға ие болды.

«Адамгершілігі барлар, басқаларға тірек болады, осыны өздері де қалайды, басқаларға жетістікке жетуге көмектеседі, өзі де сол жетістікке жетуді қалайды» деп Конфуций айтқандай, байқау соңында қатысушылар дипломдар мен номинацияларға сәйкес мақтау қағаздарымен марапатталды.

Алматы облысы білім басқармасының

Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі.