Атаулы әлеуметтік көмек дегеніміз не?

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы (бұдан әрі – атаулы әлеуметтік көмек) Заңның 2-бабының 1-2-тармағына сәйкес жан басына шаққандағы орташа табысы облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада белгіленген кедейлік шегінен аспайтын адамға немесе отбасыға шартсыз немесе шартты ақшалай көмек түрінде беріледі.

Шартсыз ақшалай көмек келесі тұлғаларға көрсетіледі:
Шартсыз ақшалай көмек жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысу мүмкіндіктері шектеулі табысы аз адамдарға (отбасыларға) көрсетіледі. Оларға:
«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 1-тармағында белгіленген зейнеткерлік жасқа жеткен адамдар;
бірінші және екінші топтағы мүгедектер;
екі айдан астам мерзімге уақытша еңбекке қабілетсіздік белгіленетін аурулары бар адамдар;
құрамында еңбекке қабілетті адамдары жоқ немесе жалғыз еңбекке қабілетті мүшесі үш жасқа дейінгі балаға, мүгедек балаға, бірінші немесе екінші топтағы мүгедекке, бөгде адамның күтіміне және көмегіне мұқтаж қартқа күтімді жүзеге асыратын табысы аз отбасыларға көрсетіледі.
Шартсыз ақшалай көмек өтініш берген айдан бастап ағымдағы тоқсанға тағайындалады және ай сайын төленеді.
Кім әлеуметтік атаулы көмек ала алмайды?
1) Заңның 2-бабының 6-тармағында көрсетілген, жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысудан бас тартқан адамдарды қоспағанда, отбасына – еңбекке қабілетті мүшесі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысудан бас тартқан күннен бастап алты ай ішінде;
2) бұрын жасалған әлеуметтік келісімшарт бұзылған және (немесе) әлеуметтік келісімшартта көзделген міндеттемелер алушының кінәсінен орындалмаған жағдайда адамға (отбасына) – атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға жүгінер алдындағы алты ай ішінде;
3) атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін көрінеу жалған ақпарат және (немесе) дәйексіз құжаттар ұсынған адамдарға (отбасыларға) ұсынған күнінен бастап алты ай ішінде;
4) учаскелік комиссияның материалдық жағдайын тексеру нәтижелері бойынша дайындалған қорытындысына сәйкес атаулы әлеуметтік көмек көрсетуге мұқтаж емес адамдарға (отбасыларға) тағайындалмайды.
Осы тармақтың 2), 3) және 4) тармақшаларына сәйкес бұдан бұрын жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысудан бас тартқан еңбекке қабілетті отбасы мүшесінің қайтыс болуына немесе әлеуметтік келіссімшартта көзделген міндеттемелерді орындамауына, оның ішінде оның кінәсінен бұдан бұрын жасалған әлеуметтік келісімшарттың бұзылуының туындауына, атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін көрінеу жалған ақпарат және (немесе) дәйексіз құжаттар беруіне байланысты отбасы құрамы өзгерген жағдайда отбасы осы Қағидаларға белгіленген алты айлық мерзім өткенге дейін атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға жүгінеді.

К.Кудьяров,
Халықты жұмыспен қамту
орталығының директоры