Менің өмірімді өзгерткен кітап

Кітап – адам жанының бөлшегі, ел азығы, сөз сандығы. Ол – рухани байлықты сонымен қатар білімді ұштастыра отырып, қолданысқа ие болған ата – баба аманаты. Әрбір саналы адамның негізгі құндылығы. Кімнің де болмасын шынайы құлшыныс, қызығушылықпен тамсана, таныса оқыған кітабы болады.
Мен бала кезімнен бастап газет,журналдардағы шағын әңгіме,повесттерді оқи бастадым.Әңгіме өзегіндегі талай кейіпкердің тамаша сөздерін де жаттап алуға құмар болды. Кейде өзімді сол әлемге сүңгіп кеткен балықтай сезінетінмін.
Бір күні кітап сөрелерінен «Кемел адам» атты кітапқа көзім түспесі бар ма?!
Автор @kairatzholdybaiuly бұл кітабында жан-жақты жетілген идеалды адамның қасиеттері мен ерекшеліктерін түсіндіре отырып, оқырманын “кемел адам” болуға шақырады.
Кітаптың бірінші бөлімінде кемелденудің психологиялық кедергілері түсіндіріліп, түйіні тарқатылса, екінші бөлімде тән сау-лығының маңыздылығы, денсаулықты күтудің жолдары мен жай-жапсары баяндалады. Үшінші бөлімде уақытты тиімді пайдалану және жоспарлау тәсілдері мен тетіктері берілген. Төртінші бөлімде қаржылық сауаттылық жайлы түсіндіріліп, тапқан табысты нәтижелі жұмсаудың бағыт-бағдары айтылады. Ал бесінші, алтыншы бөлімде эмоциялық зерде, яғни байсалдылық танытып, көңіл-күй, сезімдерімізді басқару тәсілдері мен қарым-қатынас қағидалары жан-жақты түсіндіріледі. Әр бөлім мысалдар және рухани ұстын, қағидалармен бекітіліп отырады.
Мен бұл кітапты оқығаннан бастап өз ойларыма,өз іс-әрекетіме,тіпті аузымнан шыққан сөздеріме дейін мұқият болуды үйрене бастадым.Себебі адам жетістікке жету үшін ең алдымен өз ойыларын реттеуі тиіс.Адам жетістікке жету үшін ең алдымен жүрегін таза ұстауы және айналасындағыларға мейіріммен қарауы абзал.
Автордың: «Оқы,талпын,үйрен,жаса!Тағы жаса!»-деп айтқан сөздері менің өмірімнің ащы шындығы мен қасқайған қағидасына айналғандай.Сол үшін мен әр адам дәл осы қағйданы ұстанса екен деймін.Себебі біз табысқа жету үшін талпынамыз,табысқа жету үшін үйренеміз,табысқа жету үшін іс-әрекет жасаймыз.Әр адам табысты болуға,бай болуға,білікті болуға және кемел адам болуға лайықты…
Менің өмірімді,менің ойымды өзгерткен осынау әдемі кітапты оқыңыздар,көріңіздер дегім келеді.Мүмкін сіздің де ойыңызға әсер етіп,жан дүниеңізге жан азық болар. Ендеше кемел адам болуға күн сайын талпынайық!


А.А. Туреханова,
Мелькомбинат негізгі орта
мектеп кітапханашысы