Электрондық қызмет көрсету саны артты

Электрондық түрде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің оң динамикасына қол жеткізу мақсатында «Қайнарлы ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінде өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы жұмыс істеуде.

Бұл бұрыш барлық қажетті ұйымдастыру техникасымен жабдықталған, сондай-ақ жауапты маман бекітілген “Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштарының” жұмысы туралы округ тұрғындары арасында тұрақты негізде түсіндіру жұмыстары жүргізіледі, сондай-ақ оқыту семинарлары өтті.
Бүгінгі күні округ тұрғындарына 250 түрлі электрондық мемлекеттік қызмет көрсетілді. Олардың ішінде: атаулы әлеуметтік көмек алу, медициналық ұйымға тіркелу , жер учаскесін алу үшін кезекке қою және тағы басқа.

«Қайнарлы ауылдық округі әкімі аппараты» ММ-сі