Ескелді  аудандық  кітапханасында «Немат Келімбетов және тастағы тарих» тақырыбында  дөңгелек үстел өткізілді

Еліміздің бірде-бір руханият ордасы — ол  кітапхана. Осы кітапханада еліміз үшін еңбек еткен, тер төккен ақын-жазушылар, руханият адамдар, мәдениет және өнер саласындағы жалпы тұлғаларды насихаттап, еске алып дөңгелек үстел  ұйымдастырып  келеміз.

Бүгін жазушы, аудармашы, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Гуманитарлық ғылымдар академиясының академигі, Күлтегін атындағы сыйлықтың лауре­аты, Еуропаның Франц Кафка қоғамы марапатының иегері, түрколог-ғалым Немат Келімбетов және оның шығармалары туралы айтылды..

Немат Келімбетов 1937 жылы Өзекстан, Ташкент облысы, Жаңажол қаласында дүниеге келген. 
Сарыағаш ауданының Абай ауылындағы орта мектепті бітірген. Ташкент қаржы-экономика инcтитутын (1959), ҚазМУ-дың филология факультетін сырттай оқып бітірген (1966). 1959-1960 жылдары Келес және Сарыағаш аудандық газеттерінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, Қазақстан Ғылым академиясының Экономика институтында кіші ғылыми қызметкер, «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінде әдеби қызметкер, Қазақ КСР Министрлер Кеңесі жанындағы әдебиетөнер және архитектура салалары бойынша Мемлекеттік сыйлық жөніндегі комиссияның жауапты хатшысы болып жұмыс істеді. «Қазақстан» баспасында редактор (1976-81), Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің қазақ әдебиеті кафедрасында профессор (1981 -1997), Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің қазақ тілі кафедрасында профессор (1997-2002) қызметтерін атқарған. Әскери атағы- отставкадағы лейтенант.

Немат Келімбетовтың шығармаларын сүйіп оқитын оқырмандармен  талқыланған  сұрақтар:

  1. Немат Келімбетовтың  «Ежелгі әдеби жәдігерліктер»-
  2. «Түркі халықтарының ежелгі әдеби жәдігерліктері»-

Немат Келімбетов шығармалары бірнеше тілге аударылған. Әр елдің ақын-жазушылары Немат Келімбетовтың шығармаларына берген бағалары:

Отыз  жасында   ден саулығы  нашарлап ,төсек  тартып  сал  болған  кейіпкер бейнесінде өз өмірін суреттеген  жазушы  жазған  еңбектерін кімнің  көмегімен  қалай  дүниеге  келген туындылары  жайлы ой  қозғайды.

Француз тіліндегі «Үміт үзгім келмейді» кітабының алғы­сөзін жазған Қазақстан Прези­дентінің Бейбітшілік және руханият сыйлығының лауреаты, Францияның «Алтын пальма» орденінің иегері, әлемге әйгілі әдебиетші Альбер ФИШЛЕР:

– «Мен мұншама азап шегу адам­ды «жақсартады» дегенге кү­мә­нім бар, бірақ бұл оның жан дү­ние­­сін тереңдетеді». Философ Ниц­­шенің бұл айтқаны қазақ жазушысы Немат Келімбетовтің«Үміт үзгім келмейді» кітабындағы жұ­ба­йы Қуанышқа бағыштаған мо­но­логына дөп келеді.

  • Немат  Келімбетовтың  ғылыми  еңбектері.
  • Жапонияның Азаматтық дипломатия және Достық алмасу кеңесінің төрағасы, Аояма Гакуин университетінің бұ­рын­ғы ректоры Кен МАЦУДЗАВА:

– Алғаш рет жапон тіліне аударылып отырған «Үмітімді үзгім келмейді» кітабы дәл осы жапон жұрты оқуы тиіс қазақ әдебиетінің бір өкілі бола алатын туынды деп есептеймін.

Кітап авторы Немат Келімбетов Ташкент қаржы-экономикалық институтының түлегі болғанымен, өзінің өмірлік жолын бұл салада салмай, ҚазМУ-дың филология факультетінің түлегі ретін­де әдебиет саласында өшпес із қал­дырған тұлға.

  •  Жазушының  аудармалары
  • «Шәді ақын» туралы кітабы  Шәді  ақынның өмірін,творчествосын  зерттеген.

Жазушы  Немат Келімбетов Түркі халықтары әдебиетін, Шығыстың классикалық  поэзиясын  және қазақ әдебиетінің ежелгі дәуірін қарастырған жүздеген ғылыми зерттеу мақалаларында қазақ әдебиетіндегі типологиялық, дәстүрлі үндестік көріністерін дәлелдеп шықты. Қазақ әдебиетінің ежелгі дәуірі курсы бойынша жоғары оқу орындары студенттеріне арнап жазылған бірқатар оқулықтар мен оқу құралдарын жазды. ҚР Құрмет грамотасымен марапатталған. Кітап авторы Немат Келімбетов Ташкент қаржы-экономикалық институтының түлегі болғанымен, өзінің өмірлік жолын бұл салада салмай, ҚазМУ-дың филология факультетінің түлегі ретін­де әдебиет саласында өшпес  із  қал­дырған  тұлға – деп  айтқан жүргізушінің  сөзінен  кейін  жоғарыда  қойылған  сауалдарға кеңінен  тоқталып  өткен  оқырмандар :Жазира Рақым қызы, Светлана  Сергей қызы,Назгүл Жұмақан қызы, Дәулетхан  Қуатбек қызы,  Меруерт  Ердосқызы,Мәрия  Сандуғаш  жазушы  жайлы ,еңбектері  жайлы кеңнен тоқталып оқырмандарды  рухани азыққа  кенелтті.

  Тақырыбына  сай  өткізілген  шараға ұйымдастырылған  көрмеге шолу  жасалды,жазушы жайлы  кино көрсетілді.

 Даналыққа, парасат биігіне көтеріле алмай, пұшайман күй кешетін, қараптан-қарап жүріп жау іздейтін, жұрттың жағасынан алатын, ұяттан, ардан безген қаншама кәрі адамдардан біздің қоғам зардап шегетінін жазушы бүркемелемей, ашық айтады. 

Ал енді, даналыққа, парасат биігіне қол жеткізген, тұтас бір елдің қамқоршы абызына, ел ағасына айналған, кемеліне келіп, береке-бірліктің қамын ойлаған қаншама қадірлі қариялардың өмір тарихы да кітап бетінен орын алған.

           Д.Қ.   Бесбаева, Ескелді аудандық кітапханасының кітапханашысы