Өнерлі балалар — шаттық пен қуаныштың ордасы

Өткен аптада Ескелді ауданының мектептерінің оқушылары және балабақша бүлдіршіндері арасында 2022 жыл — Балалар жылына орай «Өнерлі балалар — шаттық пен қуаныштың ордасы» атты көркемөнерпаздар байқауы өткізілді.

Аудан бойынша 25 мектеп және 9 балабақша бүлдіршіндері ән айтып, би билеп, домбырамен күй тартып, тақырыптық көрініс көрсетіп өнерлерін ортаға салды.

Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі