ҰЛЫ КЕМЕҢГЕР — АБАЙ ҚҰНАНБАЕВ

Абай Құнанбаевтың шығармашылығы – даналықтың, рухани жаңғырудың негізгі көзі. Абай Құнанбайұлы (1845-1904) жылы бүгінгі Шығыс Қазақстан облысының Шыңғыс тауы баурайында дүниеге келген.
Ол – қазақ әдебиетінде қайталанбас ұлы ойшыл, философ, ақын. Абай атамыздың шығармашылыққа бала кезінен әжесі Зере баулыған. Абай санасына қатысты бар шуақты қасиеттер мен ақындыққа деген ұмтылыс сезімі әжесі мен анасының арқасында бойына сіңген. Абай атамыз ауылдық молдадан білім алып, сауат ашып, кейіннен Семейге білімін шыңдауға барған. Медресе оқуында жүрген уақытында шығыс поэзиясына қызығып, шығыстың ақындары секілді өлеңдер жазуға талпынады. Сексенінші жылдардың ортасында Абай атамыз ақындық жолына бет бұрады. Абай атамыз 1885 жылда «Жасымда ғылым бар деп ескермедім» деген тұңғыш шығармасын жазды. Ақынның шығармалары рухани-адамгершілік қасиеттерге толы, адамның бойындағы тумасынан берілген құндылықтарды насихаттау мақсатында жазылған. Халықты білімге, ілімге, адам-гершілікке шақырған.
Ақынның қайратты қара сөздері оның сөзге деген өнерінің көркемдік күшін, даналығын көрсеткен прозалық шығармалар болып табылады. Жалпы қара сөздерінің жалпы саны 45. Ақынның әр шығармасы тұнған даналық, адамға ой салатын насихат десек, артық айтпағанымыз. Ақын тек шығармашылығында насихаттаған адамгершілік бей-нені, нағыз білімді, шынайылықты ойымен ғана емес, сөзімен, ісімен жалғастырған адам. Абай атамыз шығармаларын өз жүрегімен сезініп, тұла бойынан өткізіп, риясыздықпен халқына жолдаған біртуар ұлы тұлға.
Қарабұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты.