Облыс әкімі Амандық Баталов бүгін жұмыссыз қалғандарды жұмыспен қамту үшін «ЖОЛ КАРТАСЫ» бағдарламасын жүзеге асыру барысында әкімдікте басқарма басшылары және аудан әкімдерімен селекторлық негізде жиын өткізді. «Жол картасы» мақсатында облысқа 109,2 млрд. теңге қаржы бөлінген. Бағдарлама аясында 27 306 адам жұмыспен қамтылады. Қаржы жол жөндеу, әлеуметтік-мәдени, тұрғын үй-коммуналдық, абаттандыру-көгалдандыру және ирригацияға бөлінеді. Амандық Ғаббасұлы аудан, қала әкімдеріне құрылыс компаниялары жергілікті жерден құрылып, жұмысшылар сол жерден алынсын деген тапсырма берді.