Тән кемістігі кемшілік емес!

Адам болып, дүние есігін ашқаннан бастап өмір сүру өз қолымызда. Жаратқанның жаратуымен өмір атты кеменің толқынымен жүру, сау болып я болмаса ақаулықпен туылып өмір сүру-ол маңдайға жазылғаны. Ешкім біліп өмірге келмейді. Сау болып келіп, кеміс болуға да ешкімнің кепілі жоқ. Бәрі бір Жаратаушының ақ қолында. Міне, бүгінгі мақалама арқау боп отырған «Тән кемістігі кемшілік емес!» тақырыбым тегіннен тегін емес. Дүние жүзінде миллиардтап адам дүниеге келсе, соның бәрі мінсіз емес. Бірін туылғанда анасын кінәлап жатса, енді бірі тұқым қуалаушылыққа деп жорып жатады. Түпкі мәні – Алланың берген сынағы. Сынақ дейміз бе, кейбіреуі өз қолдарына өздері балта шауып жатады. Мұны қалай түсінеміз? Жан саулығы-тән саулығы дейміз. Әркім әртүрлі түсінеді. Адам құқықтары жөніндегі уәкілдік жүргізген мониторинг бойынша интернаттық мекемелерде өмірінің соңына дейін қалуға мәжбүр балалар бар. Оларды асырап алуға көпшілік құлықсыз. Омбудсменнің айтуынша, мұның басты себебі – мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтендіру жолға қойылмаған. Қоғам мүгедек баланы тәрбиелеп, қатарға қосудан қорқады. Бірақ дамыған елдерде кемістік кемшілік емес. Мүгедек бала мен сау баланы асырап алудың арақатынасы шамалас. Шетелде денсаулығында кемістігі бар балаларды асырап алу процесінің кең таралғаны соншалықты, кейбіреулер шетелден де балалар асырап алуға көшкен. Әр ата-ана бауыр еті-баласының дені сау болып туып, қатарынан кем қалмай өсуін тілейді. Ал балалардың өмірге мүгедек болып келуі кімкімге де ауыр соққы. Осыдан болып шаңырағы шайқалған талай отбасы бар. Мұндайда көбіне әке шіркіндер бойларын ала қашып, аналар тағдыр тауқыметін жалғыз арқалайды. Баласы қандай күйге душар болса да жүрегі езіліп тұратын қайран ана жүрегі-ай дейсің мұндайда. Дерттің ауыр түріне шалдыққан өскіндердің көпшілігі арбаға таңылған, өздігінен қозғалып жүре алмайды, сөйлеу, есту қабілеттері нашар дамыған. Балалардың кішкентай кезінде тағы ештеңе емес. Өскен сайын оларды көтеру, алып жүру жалғызбасты аналарға қияметтің қиыны. Бейкүнә баласының дертпен жалғыз арпалысып, өзімен-өзі өгейлік күйін кешуі – анасының жанын жегідей жейтіні тағы бар. Осындай психологиялық-моральдық соққыға қарамастан байғұс әйелдер үміттерін үзбей, балаларын оңалту қамымен қандай ауыртпалыққа да төтеп беруге бар.


Ауданымызда «Мүмкіндігі шектеулі балаларға үйде әлеуметтік қызмет көрсету» бөлімшесі Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары — Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 263 бұйрығымен бекітілген стандартқа сәйкес қызметтер көрсетіледі.
Бөлімше есебінде қазіргі таңда 59 қызмет алушы бар. Оның ішінде тірек қимыл апараты бұзылған балалар саны -32, 18-жасқа дейінгі жүйке ауруына шалдықан бала саны-12, 18-жастан асқан жүйке ауруына шалдыққан балалар саны-15. Әрбір баланың қажеттілігін бағалау және айқындау бойынша әлеуметтік бейімсіздену және әлеуметтік депривация деңгейіне қарай, тыныс- тіршілігінің шектелуі негізінде және әлеуметтік ортаның жай- күйіне байланысты 8 бағытта арнаулы әлеуметтік қызметтер бар. Әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-педагогикалық, әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік — медициналық, әлеуметтік- экономикалық, әлеуметтік — құқықтық, әлеуметтік-еңбек және әлеуметтік- мәдени қызмет түрлері бойынша әр балаға жеке жоспар жасалады, бекітілген кестеге сәйкес қызмет көрсетіледі. Қызмет алушылар жеке оңалту бағдарламасына сәйкес гигиеналық құралдар, жаялық, дәрет ыдысы, ортопедиялық қысқы-жазғы аяқ киімдер, саноторлық-курорттық емдеу, жетек арба, қол арба, (серуендейтін, үйде жүретін), жақпа майлармен уақытында қамтамасыз етіліп отырады. Бөлімше қызметкерлерімен бірлесе отырып мерекелік іс-шаралар яғни, шырша мерекесі, наурыз мейрамы, 1- маусым балаларды қорғау күніне орай және де «Жанашыр жүрек» қайырымдылық акциясы ұйымдастырылып, үнемі өткізілуде. Бөлімшеде штаттық кестеге сәйкес меңгеруші маманы-1, әлеуметтік кеңес беруші маманы -1, әлеуметтік қызметкерлер -12.
Бөлімше меңгерушісі Мырзакулова Меруерт Тұрсынбайқызы жоғарғы білімді, еңбек өтілі 19 жыл мектепте инфарматика пәні мұғалімі қызметінде болған. 2019жылдың маусым айынан бастап бөлімше меңгерушісі қызметінде еңбек етуде. Кеңес беруші маманы Есенаманова Ажар Кайнарқызы 2010 жылдың қаңтар айынан бастап бөлімшеде еңбек етеді.
-Меруерт Тұрсынбайқызы, сіз неліктен осы мамандықты тандадыңыз?

  • Мамандық бұл жай күн өткізу, ақша табу емес. Әр адам өз мамандығынан рухани күш алып,еңбектің рахатына бөленуі тиіс. «Ұялмаған әнші болады,ерінбеген етікші болады»,-дегендей,тіпті етікші болсаң да, өз ісіңнің шебері болуың тиіс. Мамандық таңдауда шатаспау керек. Жүрек, жан қалауы мен жасаған жұмыста береке мен нәтиже бар.
    -Мүгедек балалардың қоршаған ортаға еркін бейімделуге қандай дайындық жасалады?
  • Ата-аналармен, педагогтардың негізгі міндеттері мүмкіндігі шектеулі балаларды қоршаған ортаға еркін бейімдеу. Бұл негізгі міндеттерді шешу жолында оқыту, тәрбиелеу барысында ата-аналармен , мектеп жасына дейінгі мекемелердегі мамандар атқаратын іс-әрекеттері оқыту бағдарламасына сай болуы тиіс.Дамуында кемшілігі бар балалармен өмірге бейімделу жұмыс барысында істелетін оқыту, тәрбиелеу бағыттары аз емес.
  1. Баланың алғаш ортаға түскеннен кейінгі қарым-қатынасын бақылау,өзін еркін сезінуін бақылау, құрдастарымен тіл табысуын қадағалау.
    2.Ортаға еркін бейімделуін қалыптастыра дамыту.
    3.Өзіндік дағдыларын дамыту. Жеке дамушылығына жұмыс жасау.
    Мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс барысында баланың мінез құлқына мән берілуі керек. Баланың белсенділігін, білімін тексере отырып барып бағдарлама құрастыра аласыз.
    Кейбір балалар ортаға түскенде ашуланшақ келсе ал кейбір балалар ашылмайды, ортаға қорқынышпен қарайды. Сондықтан баламен жеке дамыту жұмыстарынның маңыздылығы зор.
    Дамуында кемшілігі бар балалардың қоршаған ортаға бейімделуі қиындыққа соғады. Сондықтан мектеп жасына дейінгі балалардың үйден оқытылу қорытындысы берілсе арнайы бағдарламалар жасалады. Мүмкіндігінше балана арнайы мекемелерде тәрбиеленсе кұп болатын еді. Баланы өмірге дайындау, бейімдеу оқытудағы барлық тәрбиелеу қағидаларынан тұрады. Әрбір бала өзінің дамуын қалыптастыра білуі керек. Бала өз-өзіне қызмет ете білу дағдыларын қалыптастыра дамыту болып табылады. Ата-анамен , педагог баланы неғырлым өзіне сенімімен қарауға, қоршаған ортаға тезірек бейімделіп кетуіне ықпал жасауы тиіс.
    Ата-ана балаға қорғау режімін ұйымдастыру керек, бұл баланың жүйке жүйесін қорғап нығайтады. Әдет дағдылар баяу қалыптасады, сондықтан қорғау режімін сақтап көп жұмыс істеуге тура келеді.Мүмкіншілігі шектеулі балаларды тәрбиелеуде және әлеуметтендіруде өз-өзіне қызмет ету дағдыларын қалыптастыру және өмірге бейімдеу өте маңызды:
    -ұсақ моторикасын дамыту;
    -өздігінен тамақтану;
    -өздігінен киініп-шешінуге үйрету;
    -баланы тазалыққа дағдыландыру.
    Баланы адамдармен қарым-қатынас жасауға, қоршаған ортамен таныстыру қажет (бала қай жерден азық-түлік,т.с.с сатып алынатынын білуі тиіс)
    Ата-ана баланы сұрақтарға толық жауап беруге, өз ойын жеткізуге, өзінің және басқа адамдардың іс -әрекетін бағалауға, әңгімелеуге үйреткені дұрыс.Осындай тәрбие барысында баланың танымдық іс-әрекеті, зейіні,ойлау, есте сақтау қкбілеттері, тілі қажетті дағдыларымен біліктіліктері дамиды.
    Баланың дамуындағы тежелуін алдын алуда ойын іс-әрекетімен сенсорлық тәрбиелеудің маңызы зор.
    Сенсорлы тәрбие арқылы көру, есту қабілеттерімен тактилдік қабылдауы дамиды ( түстерді ажырату, заттарды түсіне, пішініне,көлеміне қарай топтастыру т.с.с).
    Ойын – мектепке дейінгі балалардың іс-өрекетінің жетекші түрі.Сондықтан ойын іс-әрекетін ынталандыруға көп көңіл бөлген дұрыс. Ойын іс-әрекетін қалыптастыру барысында балалардың барлық психикалық процестері белсендіріледі,қарым-қатынас құруға үйренеді,қоршаған ортаға бейімделеді.Анасы баласымен ойнағанда оның іс-әрекетіне түсініктеме береді,әр түрлі бағытта сұрақтарды қайталайды.
    Сонымен ақыл-ой дамуында кемшілігі бар балаларды отбасында тәрбиелеуде ата-аналар келесі бағыттар бойынша жұмыс істеуі тиіс:
    -Баланың жеке бас ерекшелігі мен жасына қарай психикалық дамуын ынталандыру;
    -қорғау режімін сақтап, оқу және тәрбиелеуге жағдай жасау;
    -баланың тілін, көңіл күйін іс-тәжәрбие арқылы ата-анамен қарым қатынас жасауын қалыптастыру.
    Әлеуметтік және ортаға бейімдеу баланың танымдық әлемінің белсенділігін арттыруға бағыттау болып табылады.Отбасында, мүмкіндігі шектеулі мүгедек балалары бар ортада, әлеуметтік мәселелерді зерттеу және оны шешу жолдарын анықтау мамандардың өзекті бағыты болмақ.
    Тақырыптың өзектілігі –мүмкіндігі шектеулі балаларды қоғамда әлеуметтендіру қазіргі заманымыздың ең өзекті мәселесі болып отыр..
    Егер мүмкіндігі шектеулі мүгедек балаларды әлеуметтендіру жұмысы жан-жақты қолға алынса, ата-анасы толық ақпараттанса кемтар балалар қоғамда өздерін тең құқылы азамат ретінде сезінер еді.
    Сондықтан да, әр балаға күннің кез-келген уақытында өзі емін – еркін қимылдап, жүріп тұруы үшін даму ортасын жасап, қамтамасыз ету керек. Белсенді іс-әрекетке бейімдей түсу керек.Әр баланың жас ерекшелігін де ескерген жөн. Үлкендермен балалардың өзара іс-әрекеттері бір бірімен білімді ұйымдастырылуы қажет. Ол дегеніміз баланың өзіндік емін-еркін қимыл-қозғалысы, ойын іс-әрекеттері. Баланың іс-әрекеттері жаттыққан сайын күрделене түседі. Баланың әр жетістігі өзіне деген сенімін арттырады. Осының барлығын ескере отырып, әр ата-ана дамуында кемістігі бар баласына арнайы жағдай жасап отыруы керек. Бала тәрбиесіндегі әдіс-тәсіл нәтижелі орындалып отыруы керек-ақ. Мінеки отбасымен бірігіп атқарған жұмыс нәтижесі алдағы уақытта баламен қай бағытта, қалай жұмыс жасау керектігіне көмектеседі. Мүмкіндігі шектеулі балаларды қоғамнан тыс қалдырмай өмірде еркін өз орнын таба білетін азамат ретінде тәрбиелеу бейімдеу мамандардың еншісінде.
    -Мүгедек балалардың ата-аналары көптеген әлеуметтік проблемалармен бетпе-бет келеді. Ата-аналармен жұмыс сіздерде қалай?
    -Бүгінгі таңда мемлекет тарапынан мүгедектер үшін көптеген бағдарламалар жасақталып, жұмыстар жүріп жатыр. Қай ана баласын кемтар болсын десін. Жанына батқан дертке көндіккеннен басқа амалы жоқ. Бізге келген әрбір ата-ана мен жекелей де топтық та жұмыс жасаймыз. Алғашында жүрегіміз ауыратын, қәзір үйрендік. Жан мен жүрек ауырғанға да көндік. Қиын, ешкімге мұндай ауыртпалықты тілемейміз. Келген аналармен барлық дерттерін сауықтырмасақ та, бір мезеттік болсын ойлары мен көңілдерін көтеріп қаламыз. Жұмыстағы қыздардың барлығы білікті. Жан-жақты дамытқан білімдерін. Түрлі мерекеде, әртүрлі шаралар ұйымдастырып, олардың көңілдері бір марқайып қалады. Балаларының шамалары келгенінше өнерлерін көрсетіп, тамашалайды. Әрбір ана өз баласының жетістігін көру қуанышына ие болып, шатттанып, біздерге алғыстарын жаудырып жатады.
    -Бүгінде әлеуметтік желіні ашып қалсаңыз, баласының еміне көмек сұрап зар жылаған ана мен саулығына сауға сұраған науқас жанның бейнежазбасынан көз сүрінеді. Рамазан айы мен Құрбан айт секілді діни мерекелерді айтпағанда, жай күндердің өзінде мұндай жарнамалардың жиі алдымыздан шығуы нені білдіреді? Елімізде ауру бала, мүгедек адамның соншалықты көп болғаны ма? Әлде ұлт саулығын қорғайды деген медицинамыздың халі мүшкіл ме?
    -Әлемдік медицина туа бітті, ауыр дертке шалдыққан балалардың құлан-таза айығып кетпесе де оларды ортаға бейімдеуге болатынын алға тартады. Ол үшін логопед, дефектолог, невропатолог, педиатр сынды мамандардың жұмыла жұмыс істегені керек. Қоғамдық қор өкілдері балаларына қамқор болатын мұндай мамандарды табуды да өз мойындарына алып отыр.Бізге қолғабыс етуге ниетті екендіктерін айтып, хабарласатын мамандар баршылық.Сондай жандардың көмегіне сүйенбекпіз. Қамкөңіл жандар қашан да жүрегін жылытатын жұбаныш іздейді. Өздеріне мұңдас, сырлас іздейді.Аналар бір-бірімен әңгімелесіп, шер тарқатқысы келеді. Кез-келген бала, соның ішінде мүгедек бала да қоғам мен адамның көмегіне, қамқорлық пен махаббатқа құқығы бар. Ортадан жырақ қалған балаларда ондай қажеттілік одан да жоғары және де олардың кейбіреуі медициналық қызметкер мен педагогтың назарын үнемі қажет етеді.
    Мүгедектігі бар адамдар өмірдің белгілі бір проблемалық аспектілерін талқылауға сарапшы ретінде белсенді қатысады. Мұндай тәжірибе тиімді шешімдер қабылдауға оң әсер етіп, азаматтардың әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін одан әрі жетілдіруге септігін тигізуде. Соңғы жылдары мүгедектігі бар адамдардың құқықтары мен әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз ету жүйесінде елеулі өзгерістер орын алды. Қазақстан Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияға Факультативтік хаттаманы ратификациялады, ол азаматтарымызға Мүгедектердің құқықтары жөніндегі БҰҰ комитетінің қарауына жеке өтініштер жіберуге мүмкіндік береді. Әлеуметтік кодекс пен басқа да заңнамалар қабылданып, ерекше қажеттіліктері бар адамдарға білім алуға, жұмысқа тұруға, медициналық, әлеуметтік көмекке және т.б. құқықтарға кепілдік беруде. Мүгедектігі бар ересек азаматтар мен ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған оңалту орталықтары ашылуда. Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жүйесі жетілдірілуде. Республиканың барлық өңірлерінде кедергісіз орта құру бойынша жұмыстар атқарылуда.

АРАЙ ӘДІЛ