Жемқорлық – жағымсыз әдет

Қазіргі кезде сыбайлас жемқорлық әлемнің кез келген елінде оның саяси дамуына байланыссыз, оның ішінде Қазақстанда да әлеуметтік құбылыс ретінде өмірін жалғастырып келеді, ол тек ауқымдылығымен ғана ерекшеленеді.
Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік -экономикалық даму үдерісін, нарықтық экономиканың құрылуын, инвестициялар тарту процессін тежейді. Демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына кері әсерін тигізеді, елдің дамуына елеулі қауіп төндіреді. Қазақстанның мемлекеттік саясатының негізгі басымдықтарының бірі – сыбайлас жемқорлықпен күрес.
Қазіргі заманғы әлемде сыбайлас жемқорлықпен күресуді күшейту жұмысы үздіксіз жүргізілуде және әрдайым жетілдірілу үстінде. Әлемде сыбайлас жемқорлықпен күресу механизмінің барлық елдерге тиімді болатын бірегей жинағы жоқ. Әрбір мемлекет қолданатын сыбайлас жемқорлықпен күресу әдістерінің жиынтығы өзгеше, ол елдің саяси және экономикалық тұрақтылығына ғана емес, сонымен қатар әдет-ғұрпы мен салт – дәстүрлеріне, діни ерекшілігімен құқықтық мәдениет деңгейіне және аумағы бойынша алатын жеріне, халқының саны мен орналасу тығыздығына да байланысты болады.
Қазақстанда экономиканы жандандыру және ауқымды әлеуметтік түрлендіру жағдайында мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған заманауи әлеуметтік – экономикалық саясатымен тығыз байланысқан бүтіндей стратегияның қажеттілігіне анық көз жеткізілді. Осыған байланысты сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясатының базалық бағыттары Елбасының «Қазақстан – 2050» Стратегиясында, «100 нақты қадам» — Ұлт жоспарының 13 қадамында жемқорлыққа қарсы күресті күшейту мәселелерін қарастыру міндеттеліп, іс – шараларды іске асыру жоспарланған. Бұл кезекте сыбайлас жемқорлықтың көріністерін түп – тамырмен жою алгоритмі – маңызды бағдарламалық құжат болып табылатын Елбасымыздың 2015 – 2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұзақ мерзімді жаңа Стратегиясы бекітілді.
Стратегияның мақсаты –мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тиімділігін арттыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа кез келген жемқорлықтың туындауына «нөлдік» төзімділік таныту атмосферасын құру жолын қолдану арқылы барлық қоғамды тарту, сондай-ақ Қазақстанда сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету.

Н.О.Еселбай,
Ескелді аудандық статистика
басқармасының басшысы