Қызыл кітап — халықаралық табиғат қорғау одағының “Қызыл кітап” — халықаралық дәрежедегі құжатттардың бірі. Қызыл кітапқа сирек кездесетін, жылдан жылға азайып не жойылып бара жатқан, сондықтан да айрықша қорғауды қажет ететін жануарлар мен өсімдіктердің түрлері тіркеледі. Жануарларды халықаралық дәрежеде қорғау мәселесі 20 ғасырдың бас кезінде қолға алынды. 1902 ж. Париж қаласында алғаш рет Құстарды қорғаудың халықаралық конвенциясына қол қойылды. 1948 ж. ЮНЕСКО-ның жанынан Халықаралық табиғат қорғау одағы ұйымдастырылды. Халықаралық табиғат қорғау одағының Қызыл кітапбы 1966 ж. тұңғыш рет 2 том болып шықты. Оның 1-томында сүтқоректілердің 211 түрі, 2-томына құстардың 312 түрі туралы деректер берілді. Бұл кітап күнтізбе парақтары тәрізді арнайы жасалды, түрлер 4 категорияға топтастырылды. 1966 — 71 ж. Қызыл кітапқа тіркелетін түрлер туралы мәліметтер қайта толықтырылып, 2-басылымы, 1972 ж. 3-басылымы жарияланды. 1978 — 80 ж. 4-басылымы 5 том болып жарық көрді. Оның 1-томы сүтқоректілерге арналып, оған сүтқоректілердің 226 түрі мен 79 түр тармағы, 2-томында құстардың 181 түрі мен 77 түр тармағы, 3-томында қосмекенділердің 41, бауырымен жорғалаушылардың 105 түрі, 4-том балықтарға арналып, балықтардың 194 түрі, ал 5-томы жоғары сатыдағы өсімдіктердің түрлеріне арналып, 25000 түрі тіркелді. 1980 жылдары бұрынғы томдар негізінде “Қызыл кітап” қайта шыға бастады. 1983 ж. шыққан Қызыл кітапта омыртқасыз жануарлар туралы мол мәлімет берілген. Жойылу қаупі төнген түрлерді сақтап қалу үшін оларды зоологиялық парктерде қолдан өсіріп, көбейту шаралары қолға алынған. Соның нәтижесінде соңғы Қызыл кітапқа тіркелген сүтқоректілердің 97, құстардың 39, қосмекенділер мен бауырымен жорғалаушылардың 37 түрі дүниежүзілік зоологиялық парктерде қолдан көбейтілген. Халықаралық табиғат қорғау одағының Қызыл кітабын шығаруға Құстарды қорғау жөніндегі халықаралық кеңес, Су құстарын зерттейтін халықаралық бюро, Жануарларды қорғау жөніндегі бүкіләлемдік федерация, т.б. ұйымдар қатысады. Қызыл кітап табиғат қорғаудың негізгі іргетасы, экологиялық білім мен тәрбие берудің қайнар көзі болып саналады.
«Қызыл кітап» деген сөз 1966 жылы Табиғат және табиғат ресурстарын Қорғаудың Халықаралық Одағының (ТҚХО) түрлерді сақтап келу туралы Комиссиясы дүниежүзінде жойылып кету қаупі бар жануарлар түрлері енгізілген «Red Data Book» — «Фактілердің қызыл кітабын» дайындап шығарғанда пайда болды ( кейіннен оған сирек өсімдіктер де тіркелген ). Сонымен қатар ТҚХО жер бетінен жойылып кеткен өсімдіктер мен жануарлар түрлерінің Қара тізімін де қоса жүргізеді. 70 – жылдары дамыған елдерде ұлттық Қызыл кітаптар шыға бастады. Оларға халықаралық Қызыл кітапқа енгізілген түрлермен қатар, сол елдің территориясында жойылып кету қаупінде тұрған түлер де кіргізілді. Қазақстанда «Қызыл кітап» Республика – Үкіметінің 1978 жылдың 16 – қаңтарындағы қаулысы бойынша бекітілді ( Қазақ ССР Министрлер Советінің №90 — қаулысы ). Оның омыртқалы жануаларға арналған бірінші бөлімі 1979 жылдың қаңтар айында жарық көрді ( 1978 жылдың аяғында басылып шыққан еді). Бұл кітапқа омыртқалы жануарлардың 87 түрі мен түршелері, оның ішінде: сүтқоректілер — 37, құстар — 43, бауырмен жорғалаушылар -8, қосмекенділер –1 және балықтардың түрі тіркелді. 1981 жылы Республика Қызыл кітабының екінші бөлімі жарық көрді. Оған өсімдіктердің – 307 түрі, оның ішінде: жоғары сатыдағы гүлді өсімдіктер (288), жалаңаш тұқымдылар (2), қырыққұлақ тәрізділер (3), қыналар (3), саңырауқұлақтар (10), мүктер (1) сияқты өсімдіктер бар. Қазақстан Ғылым Академиясы Зоология институтының бастамасымен Қызыл кітаптың екінші басылымы 1991 жылы дүниеге келіп, оған алғашқы рет омыртқасыз жәндіктер – насекомдар, молюскалар, құрттар енгізілді. Сирек кездесетін жануарлардың түрлері туралы жылдан – жылға жаңа мәліметтер жинау Қызыл кітаптың үшінші басылымының (1996) жарық көруіне алып келді. Осы басылыммен бір мезгілде Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 13.09.1996 жылдың №1258 қаулысымен жаңадан Қазақстан Республикасының Қызыл кітабы туралы «Ереже» бекітілді. Осы ережеге сәйкес Қазақстан Республикасының Қызыл кітабы – республика территориясында кездесетін сирек, саны азайып және жойылып кету қаупі бар жануарлар мен өсімдіктер түрлері туралы толық мәліметтер бар – негізгі құжат.
Қызыл кітап беттері
Қызыл кітаптың қара, қызыл, сары, жасыл, сұр және ақ түсті беттері бар.
Қара беттерде жануарлар мен өсімдіктердің жойылып кеткен түрлердің тізімі беріледі. Мысалы, енді ғалам шарымызда теңіз сиыры жоқ.
Қызыл беттерде жойылу қаупі бар жануарлар мен өсімдіктер тізімі беріледі. Ғалымдардың болжамы бойынша жуық арада ілбіс немес қар барысы секілді жануралар әлемінің бір өкілін жоғалтып алу қаупінде тұрмыз.
Қызыл кітаптың сары беттерінде саны тез азайып бара жатқан жануарлар мен өсімдіктер әлемінің өкілдерінің тізімі берілген. Мысалы, ақ аюлар немесе қоқиқаздар. Ақ беттерінде қашанда саны аз болып келген жануарлар тізімі берілген. Мысалы, көк кит.
Сұр беттерінде тіршілік ету ортасына қол жеткізілмеген түрлер тізімі. Оған орасан жылан — анакондалар жатады.
Жасыл беттерде жойылып кету қаупінен аман қалған жануарлар мен өсімдіктер тізім берілген. Мысалы, құндыз.
.Қызыл кітапқа жалпы сипаттама. Қазақстан Республикасының Қызыл кітабы «жануарлар» және «өсімдіктер» деп аталатын 2 томнан тұрады.Әрбір том бір кітап немесе бірнеше бөлім болып басылып шығуы мүмкін.Жануарларға арналған том 3 мәрте ( 1978,1991,1996) басылып шықты.Бірақ омыртқасыз жәндіктер тек екінші басылымға ғана енді, ал олар туралы үшінші басылым дайындалып жатыр. Қызыл кітаптың соңғы басылымына тіркелген әрбір жануарлар қазіргі кездегі санының жағдайына, тіршілігінің зерттелуіне қарай жалпы қабылданған 5 категорияның біріне жатқызылды. 1- жойылып бара жатқандар; 2 — саны кеміп бара жатқандар; 3 — сирек кездесетіндер; 4 — анықталмағандар; 5 — саны қайта қапына келгендер. 60 – жылдың ортасында, ал біздің елде 1978 жылы жарық көрген Қызыл кітап жануарлар мен өсімдіктерді қорғау жұмыстарына екінші тұрғыдан қарауға негізделген. Бұл Қазақстанда таралу аймағының барлығында ерекше қорғауды қажет ететін жануарлар мен өсімдіктер түрлерінің қысқаша сипаттамасы берілгентізім. Республиканың жануарлар әлемінде оларды қорғаудың басты шаралары – түрдің таралу аймағының үлкен бөлігінде оның өміршеңділігін қамтамасыз ету. Қызыл кітаптардың қорғауға қажетті шараларды қарастыруға арналған бөлімдерінде келешекте қорықтар құру жайында ұсыныстар болды. Бұл көпшілік жағдайда дұрыста бола бермейді. Қазақстанда Қызыл кітаптың бірінші басылымы 1978 жылдың соңында жарық көрді. Бұл «Омыртқалы жануарлар» бөлімі еді, оған жануарлардың 87 түрі мен түршелері, оның ішінде: сүтқоректілердің — 31,құстардың — 43, бауырмен жорғалаушылардың — 8, қосмекенділердің – 1 және балықтардың түрі мен түршелері тіркелді. 13 жыл өткен соң, 1991 жылғы Республикалық Қызыл кітаптың екінші басылымына омыртқалылардың 129 түрлері мен түршелері, оның ішінде: сүтқоректілердің — 42, құстардың — 58, бауырмен жорғалаушылардың — 10, қосмекенділердің – 3 және балықтардың түрлері мен түршелері енді. 1996 жылы жарық көрген үшінші басылымда, екінші басылыммен салыстырғанда, түрлер санына аздаған өзгерістер енгізілді,ең бастысы – ол көрсеткіші кеміді.Онда балықтың түрі ( түршелері, популяциялары), қосмекенділердің — 3, бауырмен жорғалаушылардың — 10, құстардың — 56 және сүтқоректілердің 40 түрі (түршелері) қалды. Осы екі басылымды салыстырып қарасақ, 2 — басылымдағы құстар мен сүтқоректілер қатарларын қайта қарау арқылы тізім саны кемігенін байқаймыз. Бұл тізімді Қазақстан Республикасы Министрлер кабинеті 1995 жылы 21 тамызда бекітілген. Қазақстан Қызыл кітабаның үшінші басылымына тіркелген сирек кездесетін омыртқалы жануарларды территориялық жағынан қорғау қалай қамтамасыз етіледі ? Шындығына келгенде, балықтар мен қосмекенділердің түрі мен түршелерінің бірде — бір қорғалатын территориялардағы өзен – көл айдындарында кездеспейді. Сирек кездесетін бауырмен жорғалаушылардың 10 түрінің үшеуі ғана қорықтар территориясында таралған. Олар: Ақсу – Жабағылы қорығында мекендейтін аяқсыз кесіртке, сарыбауыр мен қызыл теңбіл шұбар жылан, Үстірт қорығында кездесетін төртжолақты шұбар жылан.
Қазақстан қорықтары. «Қорық» сөзі өте көне, ол сонай Киев Рүсінің тұсында аң аулауға ең қатал әмірмен тыйым салынған жерлерді белгілеу үшін қолданылған. «Қызыл кітап» термині жақында, бар-жоғы 30 жыл бұрын пайда болса да, мәселелерінің өткірлігі әрі пәрменділігі арқасында ол Планетамыздағы биологиялық әртүрлілікті қорғау мәселесін қарастырып, үлкен даңққа ие болды. Бұл тақырыпқа мақалалар тасқынының легі, әсіресе бірқатар мемлекеттер биологиялық әртүрлілік туралы Конвенцияға қол қойғаннаң кейінгі (Рио-де-Жанейро,1992) 2-3 жылда өсуіне байланысты, күшейе түсті. Бұл мақалаларда осы ұғымдардың бір-біріне пара-пар еместігі жайында сәлпәл болса да ойлар жиі-жиі көріне бастады. Қалай болғанда да осылай болатыны түсінікті. Бірақ бұл терминдер мазмұны жағынан әр түрлі. Өйткені, олар биологиялық әртүрлілікті сақтауды екі — территориялық және таксономиялық тұрғыдан қарастырады. Қазақстан мен Орта Азияның басқа республикаларында қорықтар 1926 жылдан. Оңтүстік Қазақстандағы Батыс Тянь-Шань табиғатының үлгісі (эталоны) ретінде бұл өңірде бірінші болып Ақсу-Жабағылы қорығы ұтымдастырылған жылдан ашыла бастады. Екінші болып, Қостанай облысының тың бидайықты далаларын, ең шеткі оңтүстіктегі қарағай ормандарын және жануарлар дүниесіне өте бай далалық аймаққа тән бірнеше көлдерді қорғауға алған Наурызым қорығы (1930 жылы құрылған) ашылды. Одан әрі Солтүстік Тянь-Шань, оның әр түрлі белдеуімен қоса табиғатының эталондық учаскелерімен таныстыру мақсатымен Іле Алатауы жотасының орталық бөлігінде орналасқан Алматы қорығы құрылды(1931ж.). Төртінші қорық — Көкшетау облысының далалары, гранитті тас сілемдерінде өсетін қарағайлы-қайыңды ормандары мен айдан көлдерін (Бурабай, Шортанды, Шабақты) қорғауға арналған «Бурабай» қорығы. Бұл қорық баржоғы 15 жыл жұмыс істеп, 1951 жылы таратылды. Бесінші, Барсакелмес қорығы, 1939 жылдан Арал теңізіндегі осы аттас аралда жұмыс істейді. Алтыншы қорық, Қорғалжын қорығы 1958 жылы құрылды, негізінен, Орталық Қазақстандағы (Ақмола облысы) Теңгіз және Қорғалжын көлдерінің су айдынын және оларға жақын жатқантың даланың аздаған учаскелерін алып жатыр. Бұл жерлер су құстарының, соның ішінде Азияның ең терістігінде қоқиқаздар тобы орналасқан нағыз қанаттылар базары. Келесі қорық — Марқакөл, осы аттас көл мен Оңтүстік Алтайдың таулы тайгасымен таныстыратын, 20 жылдан астам уақыттан кейін, 1976 жылы ұйымдастырылды, ал шөлді өлкедегі Үстірт қорығы 1984 жылы құрылған, ол Үстірттің батыс тік жарларының ең биігінде орналасқан. Батыс Алтай тайгасының қол тимеген учаскелерін қорғау үшін осы аттас қорық 1992 жылы ұйымдастырылды. Тентек өзенінің 12,5 мың га атырауы қорғауға алынып, соңғы есеппен Алакөл қорығы 1998 жылы құрылды. Өкінішке орай, айтылған қорықтардың көпшілігі орман-аңшылық және аңшылық-қорық деп аталатын шаруашылықтар болып бірнеше рет қайта құрылды. Бұл кезде олардың территориялары көп өзгеріске ұшырап,тіпті бір жерден екінші жерге ауыстырылды (мысалы, Алматы қорығы ) . Тек АқсуЖабағылы қорығы ғана 75 жылдан аса Батыс Тянь-Шань табиғатының эталонын қорғау қызметін бұлжытпай орындап келеді. «Табиғат эталоны» термині — жай бейнелі сөз емес. Ол қорықтар құрудың негізгі мақсатын білдіреді. Бұл барлық табиғи комплекстерді адам баласының қызметі араласпаған күйінде эталондық учаскелер ретінде сақтау деген сөз. Осындай эталондық учаскелерде экосистемалардың даму бағыты мен қарқыны зерттеліп, мал жайылған немесе шөп шабылған көршілес осындай учаскелерде болып жатқан өзгерістермен салыстыру — адам баласының шаруашылық қызметі өздері пайдаланатын табиғат ресурстары мен барлық табиғат комплекстеріне қалай әсер етеді деген сұраққа жауап беруге тиіс. Биологиялық әртүрлілікті сақтау міндеті маңызды болғанымен де, бұл жерде ол комплексті қорғаудан кейін екінші орында тұрады. Айтылғандарды мына мысал арқылы түсіндіруге болады: Наурызым қорығы үшін өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің жеке топтарының күрделі жүйелі өзара қарым-қатынасымен қоса барлық көл комплексін сақтау ол жерде ұялайтын сирек кездесетін түр — бұйра бірқазанының санын көбейткеннен әлде қайда маңызды болып табылады. Екінші жағынан, түрді сақтап қалу мәселесінде сол қорықта ұялайтын 40 шақты бірқазанды ғана қорғап қалу емес, оны шешуде қорғалмайтын басқа көлдердегі олардың маңызы зор. Өйткені Наурызым көлдерінде бірқазандар санының шектен тыс көбеюі тіпті қорық комплексіне зиян келтірген болар еді. Қорыта айтқанда, республикамыздың барлық территориясының 0,3%-ға жуық аумағын алып жатқан Қазақстан қорықтары кейбір бірен-саран жағдайларда болмаса, жануарлардың (сол сияқты өсімдіктердің) сирек кездесетін түрлеріне байланысты мәселелерді шеше алмайды. Болашақта сонау 1975 жылы Қазақстан Ғылым академиясы ұсынған және келешекте қорғалатын табиғат территорияларының Бас жүйесіне енген жаңа қорықтар желісін құру жоспары іске асқан кезде ғана олардың сирек және жойылып бара жатқан түрлерді қорғаудағы рөлі бірнеше мәрте өседі. Бірақ ол кезде де қорықтар қорғау ісіне территориялық тұрғыдан қарайтын болғандықтан, екінші таксономиялық тұрғыдан шешу мәселелерін алмастыра алмайды. Бұл тұрғыдан қараудың екінші мәні сол, ол жануарлардың (және өсімдіктердің) таралу аймағы (ареалы) адам баласының шаруашылық және басқа да атқарылатын қызметіне көп жағдайда сәйкес келеді. Ал, түрді (туысты, түршені немесе кез-келген басқа да экологиялық таксонды) толықтай қорғау тек оның саны көп болғанда ғана емес, өзінің табиғи таралуының үлкен бөлігінде мекендегенде ғана, яғни оның таралу ауданы кең көлемде болып, ол жерде түрдің географиялық өзгеру процестері жүре алатын жағдайда ғана жүзеге аса алады. Бұл жағдай түрді тек қорғалатын территорияларда ғана емес, сол сияқты жалпылай пайдаланатын жерлерде де сақтаудың қажеттілігі мен маңызын көрсетеді. 60-жылдардың ортасында, ал біздің елде 1978 жылы жарық көрген Қызыл кітап жануарлар мен өсімдіктерді қорғау жұмыстарына екінші тұрғыдан қарауға негізделген. Бұл — Қазақстанда таралу аймағының барлығында ерекше қорғауды қажет ететін жануарлар мен өсімдіктер түрлерінің қысқаша сипаттамасы берілген тізім. Республиканың жануарлар әлемінде оларды қорғаудың басты шаралары — түрдің таралу аймағының үлкен бөлігінде оның өміршеңділігін қамтамасыз ету. Бірақ тәжірибеде Қызыл кітаптардың қорғауға қажетті шараларды қарастыруға арналған бөлімдерінде келешекте қорықтар құру жайында ұсыныстар болды. Бұл көпшілік жағдайда дұрыс та бола бермейді. Осыған байланысты «мұзтау ережесін» еске түсіре кеткен орынды: мұзтаудың ең аз көлімді жоғарғы ұшы — түрді қолдан өсіру; мұзтаудың келесі шамалы бөлігі — қорғалатын территориялар, ол мұзтаудың ең үлкен су асты бөлімі түрді барлық таралу аймағында қорғау. Түрдің қалыпты жағдайда өмір сүруі осы соңғысына тәуелді болады. Бұл сирек кездесетін түрді территория жағынан қорғау қажеті жоқ немесе оның маңызы шамалы деген сөз емес. Керісінше, ол түрді қорғаудың қажетті шараларының бір бөлігі. Бұл кезде қорықтармен қатар, қорғалатын табиғи территориялардың басқа категорияларының, оның ішінде алғашқы қатарда қорықшалардың маңызы арта түседі. Сирек кездесетін жануардың немесе өсімдіктің ең тығыз популяциялары әрқашанда ландшафтың қорық болуға лайық эталонды учаскелерімен территория жағынан сәйкес келе бермейді. Бұл жағдайда осы түрді немесе түрлердің топтарын қорғау үшін арнайы қорықшалар құру тиімді. Бұл учаскелерде шаруашылық қызметтердің кейбір түрлерін жекелей шектеу қорғалатын түрдің бұл жерде қалыпты тіршілік етуіне жетіп жатыр. Осындай қорықшаларды ұйымдастыру, қорық ашқанға қарағанда әлде қайда жеңіл және аз күш жұмсалады. Себебі бұл жерлер шаруашылыққа пайдаланудан алынбайды. Өте қатал қорғау режимі бар комплексті қорықша құру қорық ұйымдастарудан әлде қайда жеңіл. Бұл арқылы түрдің таралу аймағы шегінде үлкен территорияларды қамтуғаболады. Ал қорықтар болса бұл территориялардың шамалы ғана пайызын құрайды. Қазақстанда Қызыл кітаптың бірінші басылымы 1978 жылдың соңында жарық көрді. Бұл «Омыртқалы жануарлар» бөлімі еді, оған жануарлардың 87 түрі мен түршелері, оның ішінде сүтқоректілердің — 31, құстардың — 43, бауырымен жорғалаушылардың — 8, қосмекенділердің — 1 және балықтардың 4 түрі мен түршелері тіркелді. 13 жыл өткен соң, 1991 жылғы Республикалық Қызыл кітаптың екінші басылымына омыртқалылардың 129 түрлері мен түршелері, оның ішінде сүтқоректілердің — 42, құстардың — 58, бауырымен жорғалаушылардың — 10, қосмекенділердің — 3 және балықтардың — 16 түрлері мен түршелері енді. 1996 жылы жарық көрген үшінші басылымда, екінші басылыммен салыстырғанда, түрлер санына аздаған өзгерістер енгізілді, ең бастысы-ол көрсеткіш кеміді. Онда балықтың 16 түрі (түршелері, популяциялары), қосмекенділердің -3, бауырымен жорғалаушылардың — 10, құстардың — 56 және сүтқоректілердің — 40 түрі (түршелері) қалды. Осы екі басылымды салыстырап қарасақ, 2-басылымдағы құстар мен сүтқоректілер қатарларын қайта қарау арқылы тізім саны кемігенін байқаймыз. Бұл тізімді Қазақстан Республикасы Министрлер кабинеті 1995 жылы 21 тамызда бекіткен. Қазақстан Қызыл кітабының үшінші басылымына тіркелген сирек кездесетін омыртқалы жануарларды территориялық жағынан қорғау қалай қамтамасыз етіледі? Шындығына келгенде, балықтар мен қосмекенділердің 19 түрі мен түршелерінің бірде-бірі қорғалатын территориялардағы өзен-көл айдындарында кездеспейді. Сирек кездесетін бауырымен жорғалаушылардың 10 түрінің 3-уі ғана қорықтар территориясында таралған. Олар: АқсуЖабағылы қорығында мекендейтін аяқсыз кесіртке, сарыбауыр мен қызыл теңбіл шұбар жылан, Үстірт қорығында кездесетін төртжолақты шұбар жылан. Құстар мен сүтқоректілердің сирек кездесетін түрлерінің жағдайы біршама жақсы. Сонымен, «қызыл кітаптық» құстар түрлерінің 64%-дан астамы және сүтқоректілердің 50%-дайы Қазақстан қорықтарында кездеседі. Бірақ та, қорықтардың оларды қорғаудағы рөлі әлі де төмен болып отыр. Мәселе, тек бір немесе басқа бір сирек кездесетін түрдің қорық территориясында кездесуін дәлелдеу емес (мысалы, Үстірт қорығында қабыланның, Ақсу-Жабағылы немесе Алматы қорықтарында қызыл қасқырдың, Қорғалжын немесе Наурызымда шитұмсық шалшықшының баржоғы). Маңыздысы көптеген сирек кездесетін түрлердің бірінің (өте сирекекі) ғана қорық территориясында, оның өзінде де өте аз мөлшерде, мекендеуі болып табылады. Шындығына келгенде, Қорғалжын қорығы тек қоқиқаз үшін ғана түрді сақтаудың қамтамасыз етілгенін айта кету керек (онда саны бірнеше мыңға жететін негізгі ұялайтын тобы қорғалады). Территориялық жағынан бірнеше таудағы қорықтарда ұялайтын бүркіт, қара ләйлек және сияқты хайуанаттар біршама жақсы қорғалады. Далалық жерлерде мекендеушілермен салыстырғанда таудағы қорықтарда таралған барыс, түркістан сілеусіні, тас сусары, тянь-шань қоңыр аюы сияқты сүтқоректілердің тіршіліктері де әлде қайда жақсы. Келешекте ұйымдастырылатын қорықтардың ішінен мыналарды ерекше атап өтуге болады. Олар: өзіне тән ерекшелігі бар реликті өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің комплексін, соның ішінде өте сирек кездесетін арқарды қорғауды қамтамасыз ететін Қаратау қорығы; жусан-сораң өскен тақырлы шөлді және Қазақстан эндемигі Шренк тобылғытүсі мен жалманды қорғауға арналған өзі аттас шөлдің ортасында орналасқан Бетпақдала қорығы; су құстарының тіршілік мекені ретінде халықаралық маңызы бар сазды-батпақты көлдерге бай Торғай қорығы; Іле өзенінің сағасында орналасқан, сақталып қалған шөл өзендерінің ішіндегі ең үлкенінің атырауындағы өзіне тән ерекшелігі бар комплексін, сонымен қатар сол жерде ұялайтын қызғылт және бұйра бірқазандардың негізгі шоғырларын және іргелес жатқан шөл учаскелерінде мекендейтін жыланшы бүркіт, іле сексеуіл жорға торғайы, қылқұйрық және қарабауыр бұлдырықтар, боз ергежейлі қосаяқ және басқа да сирек кездесетін жануарлардың тіршілік ортасы болып табылатын сексеуіл ормандарын қорғауға арналған Балқаш өңірі қорығы; тауда өскен шырша мен майқарағайларды және Тянь-Шань қоңыр аюы, барыс, Тянь-Шань арқары сияқты сирек кездесетін сүтқоректілерді қорғауға арналған Жоңғар қорығы. Қазақстан Қызыл кітабындағы сүтқоректілер. Қызыл қасқыр. Қазақстан территориясынан жойылып кетуі де ықтимал. Себебі аты аңызға айналған бұл жыртқышты 40 жылдан бері ол мекендеген жерлерден (Тянь-Шань мен Алтай таулары) кездескені жайында аңық деректер жоқ. Қызыл қасқырды Қазақстандағы хайуанаттар бағында қолдан өсіруді қолға алып, оны бұрынғы мекендеген жерлерге қайта жіберудің жолдарын қарастыру керек. Тянь-Шань қоңыр аюы. Тянь-Шань тауы мен Жоңғар Алатауында мекендейді. Ол жерлерде тиісінше 200 және 300-дей аю тіршілік етеді. Бұл аңға тиетін негізгі қауіп — адамның тікелей аулауы және таулы аудандарды игеру барысында оны мекендейтін жерлерінен ығыстыру. Жоңғар Алатауында қорық ұйымдастырып, ал Алматы мен Ақсу-Жабағылы қорықтарында аюды қорғауды күшейту керек. Қабылан. Бұрын Қазақстанда Үстірт пен Қызылқұмда мекендеген, бүгін де бұл жерлерде жойылып кетуі де мүмкін. Өйткені, 70-жылдардың ортасынан бастап республика шеңберінде бұл жыртқыштың кездескені жайында анық деректер жоқ. Негізгі себеп — қабыланды және оның ең басты қорегі қарақұйрықтарды тікелей аулап, сандарын азайту. Қолда өсірілген жыртқыштарды табиғи ортаға қайтадан жіберіп, оның санын қалпына келтіру жұмыстарын бастау керек. Түркістан сілеусіні. Сілеусіннің сирек кездесетін түршесі Қазақстанның тек оңтүстік және оңтүстік-шығысындағы таулы ормандарда мекендейді. Төмендеуінің негізгі себептері — қасақылық және азық қорының аз болуы. Жоңғар Алатауында қорық ұйымдастырып, бар қорықшаларда сілеусінді қорғауды күшейту керек. Барыс. Қазақстандағы ең үлкен жабайы мысық. Тянь-Шань, Жоңғар Алатауы мен Алтайдың биік тауларында мекендейді. Саны 200-ден аспайды және жылдан жылға кемуде. Негізгі себептері -қасақылық және таутекелер мен басқа жабайы тұяқтылардың санының кемуіне байланысты азық қорының азаюы. Жоңғар қорығын құрып және таудағы қорықшалар мен қорықтарды оны қорғауды күшейту керек. Қарақал. Үстіртте тараған, ертеде Қызылқұмда да мекендеген. Санының аздылығы сонша, түр жойылып кету жағдайында. Себептері — басқада мысықтарға әсер ететін факторлар. Үстірт қорығының территориясына қазіргі кезде қарақал кездесетін жерлерді қосып кеңейту керек. Үстірттің басқа жерлерінде де арнайы зоологиялық қорықшалар ашуды қолға алған да жөн. Қызылқұм арқары. Қазақстанда Қызылқұмда мекендейді, бірақ ол жерде жойылып кетуі де мүмкін. Өйткені 70-жылдардан бастап бірде-бір рет кездеспеген. Себебі басқа да тұяқтыларға әсер ететін факторлар — қасақылық және үй малдарын көптеп жою. Бұл түршені питомниктерде қолдан өсіруді бастау және алынған төлдерді қорғалатын территорияларға жіберу мезгілі жеткен сияқты. Оларды қорғау үшін Қызылқұм қорығы мен бірнеше қорықшалар ұйымдастыру керек. Қаратау арқары. Тек Қазақстанда Қаратауда ғана мекендейтін бұл арқар қазіргі кезде толық жойылу шегінде, бар-жолғы 100-150-дей бас сақталған. Осында өзіне тән ерекшелігі бар жануарды сақтап қалу үшін жеделдетіп Қаратау қорығын және осы жотаның солтүстік -батыс шетінде қорықшалар ұйымдастыру керек.
Келешекте ұйымдастырылатын қорықтардың ішінен мыналарды ерекше атап көрсетуге болады. Олар: өзіне тән ерекшелігі бар реликті өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің комплексін, соның ішінде өте сирек кездесетін арқарды ( Ovis ammon nigromontana ) қорғауды қамтамасыз ететін Қаратау қорығы; жусан сораң өскен тақырлы шөлді және Қазақстан эндемигі Шренк тобылғытүсі мен жалманды қорғауға арналған өзі аттас шөлдің ортасында орналасқан Бетпақдала қорығы; су құстарының тіршілік мекені ретінде халықаралық маңызы бар сазды батпақты көлдерге бай торғай қорығы; Іле өзенінің сағасында орналасқан, сақталып қалған шөл өзендерінің ішіндегі ең үлкенінің атырауындағы өзіне тән ерекшелігі бар комплексін, сонымен қатар сол жерде ұялайтын қызғылт және бұйра біқазандардың негізгі шоғырланған және іргелес жатқан шөл учаскелерінде мекендейтін жыланша бүркіт, іле сексеуіл жорға торғайы, қылқұйрық және қарабауыр бұлдықтар, боз ергежейлі қосаяқ және басқа да сирек кездесетін жануарлардың тіршілік ортасы болып табылатын сексеуіл ормандарын қорғауға арналған Балқаш өңірі қорығы; тауда өскен шырша мен майқарағайларды және Тянь – Шань арқары ( Ovis ammon karelini ) сияқты сирек кездесетін сүтқоректілерді қорғауға арналған Жоңғар қорығы; үшсаусақты ергежейлі қосаяқ, ителгі және сары алақоржын сияқты Қызыл кітапқа тіркелген түрлерді қорғауға арналған Зайсан қорығы. Алғашқы екі қорықты құрудың ғылыми негіздерін Қазақстан Ұлттық Академиясының ботаниктері мен зоологтары 80 – жылдардың ортасында дайындаса, ал Торғай, Балқаш өңірі мен Алакөл қорықтарының ғылыми негіздерін 90 – жылдардың басында дайындалған еді.
Пайдаланылған әдебиеттер: 1.«Қазақстан Қызыл кітабы беттерінен». А.Ф.Ковшарь ( биология ғылымдарының докторы, профессор).
stud.kz