Ұлттың өткен тарихының бірі –кітапхана

Қоғамымыздың дамуы ақпараттың кең тарауымен, мәдениет мәйегін халыққа тереңдетіп түсіндіру мәселелерімен тиянақты түседі. Осындай маңызды істерге шамшырағы жарқыраған аралдай, оты өшпеген қара ошақтай, қараңғы түнде алдан жарқыраған жарық сәуледей жол нұсқайтын – кітапхана. Рухани тарихын, ата – бабаларымыздың салт – дәстүрлерін, әдет – ғұрпын тануда кітаптың берер көмегі ұшан теңіз. Ұстаздардың ұстазы Ыбырай Алтынсарин атамыз: «Оқысаңыз, балалар, шамнан шырақ жағылар» деп алдағыны көрсеткендіктен болжаған. Мұндағы «шамы» тұңғиық терең білім, ғылым болса керек. Осынау білім деген шамның жарқырай түсуі үшін кітаптың, сол кітаптың жинақталар жері – кітапхананың қашанда тұғыры биік болуы тиіс.
Ескелді ауданында бір аудандық, он бес ауылдық кітапхана бар . Әр өңірдің ерекшелігіне қарай кітапханалар да еркше. Жетісу жердің жәннәты киелі өнердің құт мекен, осы өнерді сақтап нсихаттауда кітапхананың алар орны ерекше.Киелі өлкенің құнды қазыналар көз қарашығындай қорғайтын кітапханшының еңбегін елемей кетіу мумкін емес.Өзім қызмет етіп отрған Көкжазық ауылдық кітапханасында 15 700 дан кітап қоры бар .Ақындардың жыр-дастаны , көне айтыстар , тарихи шығармалар , поэзиялық , прозалық шығармар , балаларға арналған әдебиеттер сонымен шетел жазушыларның шығармалары кітап қормызды толықтыруда . Бізге аманат етілген кітапхана мен рухани қазынаға толы кітаптармызды көз қарашығымыздай қорғау біздің азаматық боршымыз деп білем .