ЕРЕКШЕ ҚАЖЕТТІЛІКТЕРІ БАР АДАМДАРДЫ ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСТЫРУ БОЙЫНША 2-4% КВОТАНЫ САҚТАУ БОЙЫНША ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

«AMANAT» партиясы Ескелді аудандық партиясы филиалының консультанты Копбаева Салтанат Қабимолдақызы, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы Ауельбекова Гаухар Рысбековна және Қарабұлақ ауылдық округінің әкімінің орынбасары Серіков Қуаныш Ерланұлымен кездесу өткізді. Аталған кездесу «AMANAT» партиясы Ескелді аудандық филиалында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Түсіндіру барысында «AMANAT» партиясы Ескелді аудандық партиясы филиалының консультанты Копбаева Салтанат Қабимолдақызы жұмыс орындарының квотасы – жергілікті атқарушы органдар белгілеген квотаға сәйкес мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс берушілердің жұмыс орындарын ұсынатындықтары туралы айтылды. Квота жыл сайын ағымдағы жылдың 5 желтоқсанына дейін уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен ауыр жұмыстардағы, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыстарды қоспағанда, алдағы жылға арналған жұмыс орындары санының 2-ден 4 пайызы мөлшерінде белгіленеді. Квота ұйымдық-құқықтық нысаны мен меншік нысанына қарамастан ұйымдар мен жеке кәсіпкерлер үшін белгіленеді.Жұмыс берушілер белгіленген квотаға сәйкес квота енгізілген күннен бастап алты ай ішінде мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын беретінін айтты.Квота шеңберінде жұмысқа медициналық қорытынды бойынша еңбек міндеттерін орындауға қарсы көрсетілімдері жоқ мүгедектер қабылданатындығы туралы түсіндірді.