Ұстаз жолы – қайырымды!

«Ұстаз – ол балаға білім нәрін себетін, ақылын айтып, ілім үйрететін асыл жан. Ұстаздан аларымыз, үйренеріміз көп. Ұстаздың сөзін ұғыну – біздің міндетіміз. Абай атамыз айтқандай, «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» демекші, ұстаздың еңбегін бағалай білуіміз қажет. Ағарту майданында еңбегі сіңген олар – өмірлік ұстаздар. Талдықорған қаласының тұрғыны, зейнетке шықса да, ұстаздық жұмысынан қол үзбеген Ләззат Әбілманқызы Киікбаева осындай білікті маман. Ол саналы ғұмырының 40 жылын жас ұрпаққа білім беріп, жастарға тәрбие үйретуге арнаған ұстаз. Бір сөзбен айтқанда, көргені мен көңілге түйгені көп ұстаз-басшының өткен өмір белестері кейінгі ұрпаққа үлгі-өнеге. Шынында да, бала оқытып, ұрпақ тәрбиелеу – қиын жұмыс. Ал біздің бүгінгі кейіпкеріміз Ләззат Әбілманқызы зейнетке шыққанына қарамастан, әлі де ұстаздық жұмысын жалғастырып келеді. Өйткені оның өмірінің қызығы – мектеп, еңбегінің жемісі – өскен ұрпақ, қуанышы – үлкен өмір айдынына қанат қағып жатқан түлектер. Лайым, шәкірттерінің бақытын көріп, жүзінен нұр таймай, арамызда жүре беруін тілейміз!


-Ләззат Әбілманқызы, туып-өскен жеріңіз жайлы айтып өтсеңіз?
-Егер сіз бұл өңірде тұрған болсаңыз судың қадірін түсінер едіңіз.
Көкжиде тұрғындары ауылдың жанынан ағып жатқан өзенді,
өте жақын орналасқан әсем Балқашты да қадірлейді. Әсіресе көктем айларында күмістей әдемі жиде гүлденгенде, айнала жап — жасыл болып Балқаш көлі зубәржатқа ұқсағанда адам жаны да бір қайта жанарғандай күйге түседі. Өмірдің бұндай сәттерінде адамдарға қанат
біткендей, ауылдың көптеген жастарының ой сезімдері үлкен биіктерге ұшқандай болады, тәтті сезімдермен арпалысқандай күй кешеді.
Дәл осындай сезімде бұрынғы Талдықорған обылысы, Бөрлітөбе ауданы Көкжиде ауылында 1958 жылы өнегелі отбасында дүниеге келдім.
-Өмірлік ұстазым деп кімді айтар едіңіз?


-Қара шаңырақ отбасы адам баласының алтын діңгегі. Өйткені адам
шыр етіп дүниеге келісімен, осы отбасысының есігін айқара ашып енеді және осында ержетіп, тәрбие алады. Шаңырақта әдемі әке, сонан соң ана осы отбасының ұстазы болмақ. Әкеме Абілманға жан адамды теңгермеймін.Ұзын бойлы арық келген, көп сөйлемейтін, домбырасын шертіп, ыңылдап өлең айтып ,жантайып жататын. Барлық мәселе әкемсіз шешілмейтін, үйде ол кісіні генерал дейтінбіз. Мені дүниеге әкеліп, жарық сыйлаған анам Нуриха өте ісмер тымақ,шалбар тон тігетін. Кішкентай күнімізден бастап қолөнерге үйретті. Ата анам бізге: Ешқашан ерінбеңдер еңбектің тағы бір жауы еріншектік. Өмірде үлкен еңбексіз ештеңге де қол жетпейді. Білімді үйрену үшін еңбек ету, сабарлы шыдамды бол, турашыл бол, аз сөйле, алысты ойла, кітап пен сабаққа ден қой деп үйретіп отыратын. Қазір екеуіде дүние де жоқ болса да осы қағиданы сағынышпен еске аламын.
-Ұстаздық жолға қалай келдіңіз?


-1975жылы Ерікті орта мектебін бітірген соң, Алматы қаласына жоғары
оқу орнына оқуға түстім. 1980 жылы Алматы педагогикалық институтының химия биология факультетін тәмандадым. Оқу бітірген соң Қарағанды обылысы, Балқаш қаласына қарасты, Саяқ кентінде №6 орта мектебінде еңбек жолын бастадым. Мен білім алған ордам көп нәрсе үйретті. Жақсы білім алдым. Ұстаздарым ұлық жол көрсетті. Жақсы ұстаздан, білікті маман шығады. Еңбек жолын алғаш бастаған жерімде жақсы болды. Тәжірибе алдым, өстім, өндім. Әкем мен анамның ерінбей еңбек ет деген өсиетін бойыма дарытып, тынбай еңбек еттім. Отбасы жағдайына байланысты 1991 жылы наурыз айында Ескелді ауданы, бұрынғы Тельман ауылына көшіп келдік. Балаларым кішкентай балабақша жоқ,үйде отырып қалдым. 1996 жылы Тельман атындағы орта мектепке орналасып, өзімнің бар білімімді оқушыларға үйрете бастадым. Мұғалімдер коллективі ұйымшыл шынайы, небір асуларды бағындырып, игі істерге бағыттай білетін ,жатсынбай қарсы алды. Ұстаздық пен шәкірттік адам баласы арақатынастарының ең бір абзал, әрі мағыналы, мәнді түрі.
Абай «Шәкіртсіз ғалым тұл» деу арқылы ұстаздық пен шәкірт ұғымы бірінің екіншісіне үйретуі, екіншісінің үйреткенді ынта қойып, біліп алатын, яғни ғалымның іліміне ие болатын мұрагер емес, ілгері жалғастырып дамытушы ретінде анықталған. Сынып жетекші тәрбие жұмысын жүйелі ұйымдастырғанда ғана оқушы ұлттық құндылықтарды бойына дарытады.
-Ұстаздан шәкірт озар деген, шәкірттеріңізге тоқталсаңыз!
-Ғабит Мүсірепов атындағы жастар мен жасөспірім театрының танымал
актрисасы Қазақстаның еңбек сіңірген қайреткері Байтілеуова Камалияны айтуға болады. Астана қаласындағы Қазақ концерт бірлестігінде әнші Ж. Жақынбаев орта мектебінің түлегі Мұқият Асқарды мақатан етемін.
Көптеген шәкірттер дайындап шығардым, Облыстық Респубуликалық жарыстарға қатысып оқушыларының қуанғанын көргенде, өзіме өзім риза болдым. Қазір сол шәкірттерім Қазақстанның түпкір түпкірінде, шет елдерде әр түрлі салада қызмет атқарып жүр.
-Дара жолда жеткен жетістіктеріңіз бен шыққан мақалаларыңыз бар ма?
-Әрине бар. 2011 жылы Алматы қаласында обылыстық мамандар
кәсібін дамыту институты ұйымдастырған Үздік білім беру жүйесіндегі оқу пәндерінің үдерісті және мазмұнды кампонентері тақырыбында ғылыми практикалық конференцияалық мектеп ойынан мені жіберді. Осы тақырыпты сөз сөйлеп мақалам жинаққа енгізілді. Осыдан кейін аудан көлемінде, білім беру басқармасының нұсқауымен әр түрлі тақырыпта коучингтер, семинарлар өткізіп жаңа ақпараттық технологияның сабақта қай кезде қолдануға болатынын үйрете бастады. Аудан бойынша көшпелі семинарларға қатыстырып өз тәжірбиемен бөлістім. Ұстаз еңбегі, оның өмір жолы жаза берсе таусылмастай бірде бір дастан ғой, шіркін. Өмірдің қорғаушы күші ғылым, ендеше ғылымға сүйенбеген ұстаз желкенсіз қайық секілді оқушыға орнықты білім бере алмайды. Ел ішінде ақшамен есесптелмейтін, заңда жазылмаған ұстаздың өз биігі, өз төрі бар.
Ұстаз жолы балдай,
Ал жүрегі ұланғайыр даладай.
Сынып алып білекті
Еңбек етеді,уақытты санамай.
Сол жылдары көптеген окушыларым:
Бясхан Лиза (Ж.Жақынбаев ОМ )
Айтқажы Рабиға( Текелі қаласы №4 ОМ) Ғазиз Нұргүл (Текелі №5 ом ұзтаздық жолы таңдап ,химия пәнінің мұғалімі. Бір қызығы немерем 5 сыныпта оқитын Адель Саянқызы Текелі қаласындағы №5 орта мектебінде оқиды. Шәкіртім Ғазез Нұргүл сынып жетекшісі болды. Өзім сынып жетекші болған Нұргүл енді немереме дәріс береді. Нұргүл парасатты, үлкенді сыйлайтын, ниеті, көңілі таза Нұргүл жас кезімдегі өзіме ұқсайды. Биікті де, адамгершілік қасиеті кеңдігіде бір басынан табылады. 2013жылы отбасы жағдайына Текелі қаласындағы №4 орта мектебіне химия пәні мұғалімі болып жұмысқа орналастым .Үлкен мектеп, коллектив өте ұйымшыл, тез үйрендім, жылы қарсы алды. Осы мектепте жүріп көптеген іс-шараларға қатысып, жүлделі орындарға ие болдым. Облыстық, Республикалық қатыстым. Республикалық «ғылыми-танымдық», «Алхимик -2014жыл » сайысына «Жетісу » командасы белсене қатыстырылады. Республика мұғалімдерінің білімін көтеруге үлес қосқаны үшін, 40 мектептің ішінен озып шығып жүрдегер атанып марапаталды. Берілген тапсырма бойынша сұрақтарының жауаптары журналда басылып шықты. Химия пәні мұғалімдеріне арналған «Үздік слайд 2014 жыл сайсына белсене қатысып, журнал диекісіне ең үздік прентацияасы үшін марапатталдым». Республикалық «Химия мектепте», «Химия анықталығы» ғылыми -танымдық педагогикалық журналында бірнеше мақалаларым жарық көрді. Алматы облыстық мамандар кәсібін дамыту институты ұйымдастырумен: «химия сабақтары», «Металдар», химия, биология пәндерінен логикалық тапсырмалар жинағында мақала басылып шықты (2015 ж) Қазақстан Республикасы кіші ғылым ападелиясы, облыстық ғылыми тәжірибелік конференциясының тезистер жинағында: Микро элементтердің адам ағзасына әсері атты мақаласы жарық көрді. (2019 ж) Кіші ғылыми оқушысы апауенияаға қатысып, жүдеге ие болды көптеген шәкірттерім білім грантына ие болды. Атап айтқанда: Суреебменовтар Шұғыла, Шалқар, Жарқынбек Дәурен медицина саласында еңбек етуде. Адам баласының қоғамда бағалануы, дәріптелді, ардақталуы-тікелей оның адамгершілік қасиеттеріне байланысты. Егер ол айналасындағыларға қайырымды адал болып, бүкіл қарым-қатынастарын адамгершілік тұрғысынан реттейтін болса, нағыз адамгершілік мол жан болып,қоғамға сыйлы бағасын да,орын да иеленеді. Оқушы, ол –елімнің болашағы.
Ләззат Абілманқызы өмірбаяанына көз салсақ, оқу орнын тәмамдағаннан бастап мектеп өміріне араласып, осы білім заңғарының ұшар басында қалықтаған жан. Өмірін жас ұрпақты тәрбилеуге арнаған.
Шебер ұстаз мектепте –алтын қазық
Білімінен шығарар алтын қазып
Әрқайсысы да орденге лайықты.
Алтынмен қалдыратын атын жазып деген ыстық махаббат осындай ұлпғатты ұстаздарға арналса керкек. Ләззат Әбілманқызы жолдасы Смағұлов Тыныстай екеуі 4 бала тәрбиелеп, өсірген жақсы ата ана. Балалары: Венара, Саян, Рауан, Әділет барлығыда жоғары оқу орнын бітірген, әр түрлі салада еңбек етіп келеді. Ақ ордасы білімнің – менің ордам, менің ордам-40 жыл сонда болғам. Бір дінгегін білімнің мен көтердім, келгенім жоқ ортаға орта жолдан-дейді кейіпкеріміз. Жақсылық- адамның ойы, ниеті, іс әрекеті. Жаман пиғылдан аулақ болып,қай кезде болса да адамға қол ұшын беріп көмектесетін жанаршылық танытатын жақсы адам дейміз.Ұстаз еңбегі шәкіртімен бағаланатыны аян.
Ләззат Абілманқызының да шәкірттері осындай тамаша жеттістер көрсетті. Бар ғұмырын ұстаздыққа арнаған өнегелі,ардақты жан жас ұрпақты тәрбилеуге аранаған.
Ұстаздардың ұстазы атандыңыз,
Көпшілікке қамқор боп бата алдыңыз .
Бұдан артық жоқ, апай сізге ,
Ұстаздықтың бақытын тата алдыңыз,- деген ыстық махаббат осындай ұлағаты ұстаздарға арналса керек .Бүгінде зейнетте болсада талмас қайсарлығымен еңбегі әліде жалғасуда. Балаларды білі мен ғана өмірге деген қалауларының басуларына да жол сілтеп отырған абзал жан. Шәкірттерге ғана емес өзінен кейінгі жас мамандар мен буындарға да дара жолынан тәжірбиесімен бөлісуде .Өнегелі де ардақты жан Киікбаева Ләззат Абілманқызы -үлгілі отбасының қамқоршысы отанасы.Ұлдарын ұяға қызын қияға қондырған батыр ана, асыл апа! Білім беру саласында көп жыл тынбай еңбек еткен жайдарлыда жайсаң ұстазға біз ұзақ ғұмыр,қажымас қайрат пен денсаулық тілейміз.Қорта айтқанда: Кімде-кім бала кезінен еңбектің өмір заңы екенін бізге, жас кезінен ғана тер төгу арқылы табылатынын түсінсе сол адам қаһармандық жасауға қаббілетті. Шәкірт тәрбиелеу жолында еңбек етуде бүкіл саналы ғұмырын арнаған ұстаздың қай тілеуі де хақ. Өз келешегінен өз қолымен жол салып адам еңбегімен жете алған біртуар қазақ перзентінің өмір жолы мен өнегесі кейінгі жеткіншектерге ауыстырмас шамшырақтай бағдар болары сөзсіз. Әрқашан аудандық,ағалық,ұстаздық қасиеттеріңіз биіктей берсін демекпін.
Ең адал ,ең қайырымды, ең қиын да мамандық ұстаз мамандығы екені баршаға әйгілі. Дегенмен, рахметтіде, қайырымды да ,қызықты сәттері жоқ емес.Оны ұстаз қаумы менен де жақсы сезінеді.

Өз тілшіміз