«Мемлекет пен қоғамның барлық негізгі салаларын қайта жаңғырту керек»: Әлихан Смайылов Президент Жолдауын іске асыру туралы (Видео)

Әлихан Смайылов Үкімет отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауын іске асыру бойынша тапсырмалар берді.

Премьер-Министр Мемлекет басшысы қазіргі жағдайда экономиканың сапалы дамуын қамтамасыз етуге және халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған жүйелі және салалық шаралар кешенін айқындап бергенін атап өтті.

«Осы маңызды құжатта бүгінгі таңда азаматтарымызды толғандырып отырған негізгі мәселелердің бәрі қамтылған. Жолдауда айтылған міндеттерді шешу экономиканың тұрақтылығын және оның бәсекеге қабілеттілігін арттыруға негіз болады», — деді Үкімет басшысы.

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров экономика мен мемлекеттік басқарудағы реформаларды іске асыру жөніндегі негізгі шаралар, Премьер-Министрдің орынбасары – қаржы вице-министрі Ержан Біржанов бюджет, салық саясаты және мемлекеттік сатып алу, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев көлік, өнеркәсіп және құрылыс мәселелері, ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев агроөнеркәсіп кешенін дамыту мәселелері туралы баяндады.

Сондай-ақ экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев сумен қамтамасыз ету және жер қойнауын пайдалану салаларын жақсарту жөніндегі жоспарлар, әділет министрі Қанат Мусин реформаларды заңнамалық қамтамасыз ету жөнінде, ішкі істер министрі Марат Ахметжанов құқық қорғау жүйесін реформалау және нашақорлыққа қарсы күрес мәселелері, оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов мектепке дейінгі және орта білім беру мәселелері, ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек жоғары білім беруді дамыту мәселелері туралы айтты.

Сонымен қатар денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният денсаулық сақтау саласын одан әрі дамыту жөніндегі шаралар туралы, ал еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова әлеуметтік саясат мәселелері жөнінде баяндады.

Баяндамашыларды тыңдаған Премьер-Министр Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша мемлекет пен қоғамның барлық негізгі салаларын қайта жаңғырту керек екенін айтты.

«Мазмұны жағынан Президенттің халыққа Жолдауы Жаңа Әділетті Қазақстан құру жолындағы ең маңызды қадам болып табылады. Қазіргі жағдайда бәріміз нақты және үйлесімді әрекет етуіміз қажет», — деді Әлихан Смайылов. 

Премьер-Министр Үкіметтің алдында экономиканың тұрақтылығы мен бәсекеге қабілеттілігін, азаматтарымыздың әл-ауқатының сапалы және инклюзивті өсуін арттыру, бәріне бірдей мүмкіндіктер беру, қоғамдық қауіпсіздік пен ішкі тұрақтылықты сақтау міндеттері тұрғанын атап өтті.

Осыған байланысты Үкімет басшысы Ұлттық экономика министрлігіне орта мерзімді кезеңге арналған Экономикалық саясат жобасында Президенттің елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша айтқан бағыттарын ескеруді тапсырды.

Сонымен қатар Әлихан Смайылов Жаңа Салық кодексінің қазіргі ахуалдың сын-қатерлеріне дер кезінде әрекет етуге мүмкіндік беретін, мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатын жүзеге асырудың негізгі құралына айналуы тиіс екенін айтты.

«Фискалдық саясатты одан әрі жетілдіру салықтық әкімшілендірудің түсінікті, нақты және ашық рәсімдерін белгілей отырып, іскерлік белсенділікті ынталандыруға, инвестициялық тартымдылықты арттыруға, салық базасын кеңейтуге және бюджеттің кіріс бөлігін нығайтуға бағытталуы тиіс», — деді Премьер-Министр. 

Үкімет басшысының айтуынша, Жаңа Салық кодексі «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, сарапшылардың және бизнес өкілдерінің қатысуымен әзірленуі тиіс.

Әлихан Смайылов Президенттің тапсырмасы бойынша Үкіметтің бюджеттік жоспарлауды реформалау бойынша тиісті жұмыстар жүргізіп жатқанын еске салды.

«Мемлекет басшысы бюджеттік процестерді жеңілдету, бюджетті жоспарлау кезінде шекті нормативтерді бекіту, бюджеттік тәуекелдерді басқару жүйесін енгізу, өңірлердің қаржылық тәуелсіздігін арттыру бойынша нақты міндеттер қойды. Бұл шаралар жүргізіліп жатқан бюджет саясатының тиімділігін және мемлекеттік шығыстардың нәтижелігін сапалы түрде арттыруға мүмкіндік береді», — деді Премьер-Министр. 

Осыған байланысты Ұлттық экономика және Қаржы министрліктеріне осы тапсырмаларды заң жүзінде бекіту мәселесін жедел пысықтап, жаңа Бюджет кодексінің жобасын әзірлеу тапсырылды.

Үкімет басшысы Жолдауда айтылған негізгі міндеттердің бірі мемлекеттік басқаруға әкімшілік реформа жүргізу екенін атап өтті. Осы жұмыс аясында құрылымдық өзгерістер азаматтардың мүдделерін қамтамасыз етуге және экономикада оң өзгерістерге қол жеткізуге бағытталуы тиіс.

«Мемлекеттік басқару моделі “халық үніне құлақ асатын”, тиімді, есеп беретін, кәсіби және прагматикалық мемлекет қағидаттарына сай дамуын жалғастырып, әлеуметтік-экономикалық реформаларды жүзеге асырудың бағдары болуы тиіс», — деді Әлихан Смайылов. 

Осы міндетті іске асыру үшін Ұлттық экономика министрлігіне мемлекеттік органдармен бірлесіп, Үкімет, министрліктер мен әкімдіктер арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату бойынша жаңа ұсыныстар топтамасын дайындау тапсырылды.

Премьер-Министрдің сөзінше, бұл реформа Үкіметке салааралық мәселелердi шешуге көбiрек көңiл бөлуге мүмкiндiк бередi. Одан бөлек, мемлекеттік органдар басшыларының дербестігі мен жауапкершілігі артады.

Сонымен қатар Әлихан Смайылов отандық экономиканың дамуына құрылыс саласының ықпалы зор екенін ерекше атап өтті.

«Тұрғын үймен қамтамасыз ету – халық үшін ең өзекті мәселенің бірі. Дегенмен сапасыз құрылыс фактілері, құрылыс салушыларды таңдау рәсімдерінің ашық болмауы, мегаполистерде құрылыстардың тығыз салынуы жұртшылықтың орынды наразылығын тудыруда», — деді Премьер-Министр. 

Бұл саладағы ахуалды жақсарту мақсатында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, сала мамандарын, сәулетшілерді, ғылыми қауымдастықты тарта отырып, Қала құрылысы кодексінің жобасын әзірлеу үшін жұмыс тобын құру және бастамаларды кеңінен талқылау тапсырылды.

Әлеуметтік блок туралы сөз қозғар алдында Әлихан Смайылов ұлт денсаулығын нығайтудың Үкіметтің басым міндеті екенін атап өтті.

«Мемлекет басшысы денсаулық сақтауды және жалпы әлеуметтік саланы қаржыландыру тәсілдерін қайта қарауды тапсырды. Біз медициналық инфрақұрылымды, оның ішінде мемлекеттік-жекеменшік әріптестік механизмдерін қолдану арқылы жақсарту жөнінде кешенді шаралар қабылдауымыз қажет», — деді Премьер-Министр. 

Үкімет басшысы Денсаулық сақтау министрлігіне Қаржы министрлігімен және мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, денсаулық сақтау саласын одан әрі жетілдіру бойынша шаралар кешенін әзірлеуді тапсырды.

Әлихан Смайылов Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қаржы және Ұлттық экономика министрліктерімен бірлесіп, ең төменгі жалақы мөлшерін көтеру мәселесін пысықтауы қажет екенін атап өтті.

«Әлеуметтік қамсыздандыру жүйесіне өзгерістер енгізу, бала күтімі бойынша және жұмыссыз қалғанда берілетін әлеуметтік төлемдерді ұлғайту, Отбасының цифрлық картасы мен Әлеуметтік әмиянды енгізу бойынша жұмысты жалғастыру қажет», — деді Премьер-Министр. 

Одан бөлек, Үкімет басшысының айтуынша, қандастарды қоныстандыру саясатын түбегейлі реформалау және ішкі миграцияны реттеу үшін барлық қажетті шараларды қабылдау керек.

Жиынтық зейнетақының мөлшерін ұлғайту, әйелдердің зейнет жасын 61 жасқа дейін төмендету және Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық тартымдылығын қамтамасыз ету үшін зейнетақы заңнамасына тиісті өзгерістер енгізу тапсырылды.

Отырыс соңында Әлихан Смайылов Ұлттық экономика министрлігіне Үкіметтің келесі отырысына Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру жөніндегі  Жалпыұлттық жоспардың жобасын енгізуді тапсырды.

«Әріптестер, біз қоғамның сенімін ақтау үшін барынша жұдырықтай жұмылып жұмыс істеуіміз керек. Мемлекет басшысы атап көрсеткен реформаларды жүзеге асырудың тиімділігіне бірінші кезекте біздер жауаптымыз. Осыған байланысты Президент тапсырмаларын іске асыруға асқан жауапкершілікпен жедел кірісуді тапсырамын», — деп түйіндеді Премьер-Министр.

В рамках исполнения поручений Главы государства увеличатся часы предметов по математике, физике, химии, биологии

На заседании Правительства, прошедшем под председательством Премьер-Министра РК Алихана Смаилова, рассмотрен вопрос о мерах по реализации Послания Главы государства К. Токаева народу Казахстана «Справедливое государство. Единая нация. Благополучное общество». С докладам по теме выступил министр просвещения РК Асхат Аймагамбетов.

Министерством проведена конкретная работа во исполнение поручений Главы государства, сообщил в ходе доклада глава ведомства.

«Первое. Касательно дошкольного воспитания и обучения Президент поручил принять действенные меры для повышения заработной платы и снизить рабочую нагрузку воспитателей. На сегодня в дошкольных организациях на 1 педагога приходится 25 детей. Средняя заработная плата составляет 147 тыс. Это ниже средней заработной платы по республике. Если считать от количества детей, стоящих в очереди, то охват детей 2-6 лет составляет 88%, охват детей 3-6 лет составляет 98% от общего количества детей – 57,68%», — сообщил в ходе доклада министр просвещения Асхат Аймагамбетов.

В этой связи, в рамках поручения Президента будет внедрена новая система аттестации педагогов дошкольных организаций и повышена их заработная плата.

Второе. Глава государства дал поручение по реализации национального проекта «Комфортная школа». В рамках нацпроекта Министерством будет введено более 800 тысяч ученических мест, что решит проблему трехсменных и аварийных школ.

Со слов министра, в рамках проекта «Комфортная школа» будет действовать единый стандарт строительства и оснащения.

Школы, открывающиеся в рамках проекта, будут полностью обеспечены современными предметными кабинетами. В новых школах увеличатся учебные площади. Для начальных и старших классов также предусматриваются отдельные блоки. Соответственно, они обеспечат отдельными спортзалами и столовыми, заверил министр на заседании Правительства.

«В следующем году начнется строительство школ в том объеме, которого раньше не было. К примеру, только по нашей столице в следующем году в рамках этого проекта мы планируем начать строительство 20 новых школ, каждая из которых будет рассчитана на 2 тыс. мест», — акцентировал Асхат Аймагамбетов.

Также глава ведомства сообщил, что в соответствии с поручением Президента дети, проживающие в социально уязвимых семьях, будут бесплатно обеспечены школьной формой. Будет вводиться образовательный счет, включающий средства, выделяемые из бюджета на обучение детей.

«Третье. Президентом поручено приоритет отдавать предметам естественно-математического цикла и языковым дисциплинам. Увеличатся часы предметов по математике, физике, химии, биологии. Учебные программы будут обновлены. Будут приняты меры по увеличению количества часов обучения английскому языку в 3 классе согласно международной практике с 2024 года и обеспечению учебной нагрузки, необходимой для овладения казахским и русским языками», — подчеркнул в ходе доклада А. Аймагамбетов.

Четвертое. Касательно подготовки кадров в соответствии с требованиями рынка труда министр просвещения сообщил следующее.

В целях повышения качества подготовки кадров с текущего года колледжам предоставлена академическая самостоятельность. Обновлено 4000 образовательных программ.

«Государственный заказ формируется с учетом реальной потребности в регионе. В соответствии с поручением Президента совместно с акиматами регионов мы начали внедрять целевую подготовку кадров по заявкам предприятий», — сообщил глава Минпросвещения.

Также, со слов министра, до конца этого года будет разработан и введен стандарт аккредитации педагогических вузов и «рамка компетенций педагога» – профессиональный стандарт «Педагог».

Президент тапсырмаларын орындау: Қазақстанда бөлек 7 кодекс әзірленеді

Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауында берілген тапсырмаларын тиімді және уақытылы орындау үшін заң шығару жұмысы сапалы жүруі керек. Осы бағытта қандай жүйелі шаралар қабылданып жатқаны туралы Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында әділет министрі Қанат Мусин айтып берді. 

Министрдің айтуы бойынша, Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру мақсатында жүйелі, оның ішінде заңнамалық шаралар жүргізу қажет. 

Атап айтқанда, жекелеген 7 кодекс пен заңдарды әзірлеуді және қабылдауды, сондай-ақ 40–тан астам заңға өзгерістер енгізу, сондай-ақ 65-ге жуық заңға тәуелді актілерді қабылдауды талап ететін 30-дан астам іс-шара іске асырылатын болады.

Барлық көрсетілген құжаттар бойынша Әділет министрлігі қолданыстағы құзырет аясында тікелей қатысатын болады.

Президент Әділет министрлігіне қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу заңнамасын түзетуді жүктеуді тапсырды. Біріншіден, көрсетілгендер «Әділет органдары туралы» заңға, Қылмыстық және Қылмыстық-процестік кодекстеріне заңнамалық түзетулерді талап етеді.

«Біз бұл жұмысты бастадық және бұл түзетулер осы жылдың соңына дейін қабылданады деп болжануда», — деді Қанат Мусин.

Екіншіден, кадрлық әлеуетті нығайту және заң шығару қызметінің сапасын арттыру бойынша ұйымдастыру шараларын қабылдау. 

Үшіншіден, Қылмыстық және Қылмыстық-процестік кодекстерге ревизия жүргізуге келер болсақ, бұл ауқымды жұмыс және мамандарды, ғалымдар мен практиктерді тартуды талап етеді. Министр оны аяқтап, тиісті заң жобасын 2023 жылдың тамызына дейін әзірлеуді және оны 2023 жылдың соңына дейін Парламентке енгізуді көздеп отырғанын айтты. 

«Мемлекет басшысы Жолдауда рәсімдік-процессуалдық кодекске мемлекеттік органдармен әкімшілік теріс қылықтар мен азаматтық-құқықтық даулардың кең ауқымын беру бөлігінде әкімшілік әділет саласын кеңейтуді атап өтті. Бұл отандық сот төрелігін ізгілікті және әділетті етуге мүмкіндік береді», — деді Қанат Мусин.

Осыған байланысты әкімшілік әділет саласына даулар мен құқық бұзушылықтарды беру мүмкіндігі тұрғысынан заңдарға ревизия жүргізу талап етіледі. Министрлік тиісті заң жобасын әзірлеп, 2023 жылдың соңына дейін Парламентке енгізуді жоспарлап отыр.

Президент заңдарды әртүрлі түсіндіруге сілтеме жасай отырып, мемлекеттік органдар арасындағы дауларды шешуге бағытталған шаралар қабылдау міндетін қойды.

Осыған байланысты Әділет министрлігі мемлекеттің қызметін құқықтық қамтамасыз етуді, сондай-ақ Үкімет актілерін ресми түсіндіруді жүзеге асыратынын ескере отырып, мұндай дауларды шешуді Әділет министрлігіне бекіту ұсынылады. Көрсетілгендер заңдарға түзетулерді талап етеді, олар осы жылдың соңына дейін қабылданбақ.

«Барлық көрсетілген міндеттер сапалы және мерзімінде орындалатын болады», — деді әділет министрі Қанат Мусин.

А.ГИНИЯТ ДОЛОЖИЛА О МЕРАХ ПО РЕАЛИЗАЦИИ ПОРУЧЕНИЙ ГЛАВЫ ГОСУДАРСТВА В РАМКАХ ПОСЛАНИЯ ОТ 1 СЕНТЯБРЯ 2022 ГОДА

Сегодня на заседании правительства министр здравоохранения Ажар Гиният информировала о мерах по реализации поручений в рамках Послания Главы государства от 1 сентября 2022 года. 

«По вопросу функционирования социального медицинского страхования, нами предлагается пересмотреть подходы к финансированию здравоохранения.  Первое – это проработать вопрос финансирования расходов на гарантированный объем бесплатной медицинской помощи и взносов государства на ОСМС за 15 льготных категорий населения. Второе — законодательно урегулировать объединение финансовых потоков пакетов ГОБМП и ОСМС для упрощения администрирования средств и в целях их эффективного использования. Также будут определены четкие  конфигурации пакетов ОСМС и ГОБМП», –  сказала в своем выступлении А.Гиният.

Для  запуска добровольного медицинского страхования (ДМС) в условиях работы ОСМС будут определены направления медицинской помощи и перечни услуг для покрытия ДМС, а также законодательно закреплены и реализованы права иностранцев в системе медстрахования, в частности трудовых мигрантов и иностранных студентов, пояснила глава Минздрава.

Далее министр проинформировала об исполнении поручения Президента по обеспечению реализации национального проекта, нацеленного на обеспечение потребностей сельских жителей в медицинской помощи.

Она напомнила, что основной целью нацпроекта «Модернизация сельского здравоохранения» является сокращение дисбалансов между городским и сельским здравоохранением за счет обеспечения всех сельских населенных пунктов организациями первичной медико-санитарной помощи в соответствие с нормативами, а также повышения своевременности оказания экстренной и специализированной медицинской помощи сельскому населению.

Так, в рамках нацпроекта будет обеспечено  строительство 655 объектов ПМСП, в том числе строительство новых 228 объектов и 427 взамен действующих объектов ПМСП, организация работы 32 многопрофильных центральных районных больниц (МЦРБ), в том числе совершенствования 12 действующих больниц.

Кроме того, по словам А.Гиният, предусмотрено открытие новых многопрофильных центральных районных больниц,  которые смогут оказывать экстренную медицинскую помощь при инфарктах, инсультах, травмах и при родах с соблюдением принципа «золотого часа», а также предоставлять специализированную и высокотехнологичную медицинскую помощь без необходимости посещения крупных городов, в том числе посредством телемедицины и дистанционных медицинских услуг.

Как было отмечено в докладе, реализация нацпроекта позволит обеспечить доступность специализированной медицинской помощи и снизить смертность от болезней системы кровообращения на 23,6% среди сельских жителей (с 166,7 до 134,85 на 100 тысяч населения), обеспечить качественной, экстренной и высокотехнологичной медицинской помощью более 4 млн сельских жителей.

Что касается поручения Главы государства о совершенствовании кадровой подготовки врачей, то здесь Министерством здравоохранения рассматривается создание при медицинских вузах многопрофильных университетских больниц и клиник.

Наряду с этим, по словам А.Гиният,  планируется в течение трех лет ежегодное увеличение на 70% количества грантов на резидентуру – с 1 тыс. 700 в 2023 году до 3 тыс. 400 в 2025 году.

Резюмируя свое выступление, министр подчеркнула, что все поручения, данные Главой государства в Послании народу Казахстана от 1 сентября 2022 года «Справедливое государство. Единая нация. Благополучное общество» Министерством здравоохранения будут реализованы в указанные сроки.

Президент тапсырмаларын орындау: Қазақстанда «Kaznedra» бірыңғай платформасы жасалып жатыр

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен ҚР Үкіметінің отырысында Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру шаралары қаралды. Президенттің тапсырмалары аясында минералды және су ресурстары саласында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев баяндады.

Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің айтуынша, Мемлекет басшысының Жолдауда берген тапсырмаларын орындау үшін министрлік келесі жұмыстарды жүргізетін болады.

Минералдық ресурстардың Ұлттық деректер банкін құруды аяқтауға қатысты Цифрландыру министрлігімен бірлесіп, «Kaznedra» жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасын құру аясында жұмыс жүргізіліп жатыр.

«Платформа барлау және өндіру жұмыстарын жүзеге асыру үшін лицензия алу бойынша бизнес процестерді жеңілдетуге және жеделдетуге мүмкіндік береді. Бұл жобада қазіргі заманға сай геоақпараттық жүйелер технологиялары пайдаланылады, олар потенциалды жер қойнауын пайдаланушыларға сұратылып отырған учаске туралы инфрақұрылымынан бастап, геологиялық, геофизикалық есептерге дейін толық көрініс алуға мүмкіндік береді», — деді министр.

Осы жылдың соңына дейін платформаны енгізудің пилоттық жобасын жүргізу жоспарланып отыр. Тестілік режимде платформаның деректер базасының құрылымы, интерактивті карта, қатты пайдалы қазбалар барлауға лицензия алу жөніндегі бизнес-процесс тәрізді және басқа да құрылымдары жұмыс істейтін болады. 

«Біз су саласын дамытудың үш жылдық жобасын әзірлейміз, оған институционалдық сипаттағы да, сондай-ақ практикалық қолдану мәселелері де енгізілетін болады», — деді С. Брекешев.

Біріншіден, су ресурстарын басқарудың қолданыстағы институционалдық жүйесі басқарудың барлық функционалдық кешенін, атап айтқанда, талдауды, жоспарлауды, бақылауды іске асыруға мүмкіндік бермейді. Осыған байланысты келесі жылдың соңына дейін су саласын басқарудың мемлекеттік жүйесінде Су ресурстары комитеті мен оның бассейндік инспекцияларын нығайтуды және жаңа Су кодексін әзірлеуді көздейтін институционалдық өзгерістер жүргізу ұсынылады. 

«Біз жаңа Су кодексін жасау жұмыстарын бастап кеттік», — деді экология, геология және табиғи ресурстар министрі.

Екіншіден, ғылыми-зерттеу, талдау және жобалау жұмыстарына негізделген су саласының қазіргі жай-күйін кешенді жүйелі бағалау мақсатында Қазақ су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтын, оның жанынан су саласын салалық талдау орталығын аша отырып, трансформациялау жүргізілетін болады.

Сондай-ақ білікті кадрларды даярлау үшін гранттар бөле отырып, базалық профильді жоғары оқу орнын айқындау пысықталып жатыр. Ол М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті базасында болуы мүмкін.

Үшіншіден, Су ресурстарын тиімді пайдалану және шығынды қысқарту үшін 2023-2025 жылдарда неғұрлым стратегиялық маңызы бар су шаруашылығы жобаларын іске асыру ұсынылады. Атап айтқанда, бұл жаңа 8 су қоймасын салу, 16 апатты гидротехникалық құрылыстарын және 120 суару каналын реконструкциялау, суды бөлу және есепке алу процестерін цифрландыру және автоматтандыру.

Сондай-ақ суды үнемдеу үшін басты назар су үнемдеу технологияларын қолдануға және су үнемдеу технологияларын енгізуді ынталандыратын тарифтерді белгілеу қажеттілігіне қойылатын болады. Тариф су пайдаланушыға судың экономикалық жағынан құнды екендігі және оны ұтымды пайдалану қажеттілігі туралы дабыл қағуы тиіс. 2025 жылға қарай аталған шаралар қосымша 7 текше км сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді деп күтіледі.

«Осы жылдың 1 қыркүйегіне дейін заңсыз әкелінген автокөліктерді кәдеге жарату мәселесіне келетін болсақ, біз Ішкі істер, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрліктерімен бірлесіп, тиісті жұмысты бастадық», — деді Серікқали Брекешев.

Т. Дүйсенова Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру барысы туралы хабардар етті

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова ҚР Үкіметінің отырысында Мемлекет басшысының 1 қыркүйектегі «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмаларын іске асыру мақсатында ведомство жүргізіп жатқан жұмыстар туралы айтып берді.

Өз сөзінде Тамара Дүйсенова Министрлік Мемлекет басшысының барлық тапсырмаларын іске асырудың нақты алгоритмін әзірлегенін атап өтті.

Мәселен, Отбасының цифрлық картасын (бұдан әрі – ОЦК) енгізу жөніндегі тапсырманы іске асыру шеңберінде мыналар көзделген:

— 2022 жылдың 1 қыркүйегінен бастап жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдердің 9 түрі бойынша ОЦК-ны пилоттық режимде іске қосу;

– осы жылдың желтоқсан айында ҚР Әлеуметтік кодексі жобасының шеңберінде ОЦК енгізу және «Дербес деректер туралы» және «Ақпараттандыру туралы» ҚР Заңдарына өзгерістер енгізу;

– 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап әлеуметтік қорғау саласында мемлекеттік кепілдіктер беру;

— 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап ОЦК арқылы денсаулық сақтау және білім беру салаларында мемлекеттік кепілдіктер беру;

— 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік кепілдіктердің барлық түрлерін қамту.

Ең төменгі жалақыны (бұдан әрі – ЕТЖ) 70 мың теңгеге дейін арттыру жөніндегі тапсырманы орындау шеңберінде осы жылғы желтоқсанда «2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасына өзгерістер енгізу, сондай-ақ Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі – МӘСҚ) тағайындалатын әлеуметтік төлемдерді есептеу алгоритмдерін түзету көзделуде.

Оның мөлшерін кезең-кезеңімен арттыруға мүмкіндік беретін ЕТЖ анықтаудың жаңа әдістемесін енгізу мақсатында келесі жылдың наурыз айында ҚР ЕХӘҚМ Дүниежүзілік банкпен бірлесіп зерттеулер жүргізуді және жаңа тәсілдер әзірлеуді жоспарлап отыр. Ал 2023 жылғы желтоқсанда ҚР Еңбек кодексіне және «Ең төменгі әлеуметтік стандарттар туралы» заңға ЕТЖ және оны арттыру тетіктерін белгілеу бөлігінде тиісті өзгерістер енгізілетін болады.

Келесі жылы 100 мың жас адамды жұмыспен қамтудың түрлі шараларымен қамтуды қамтамасыз ету жөніндегі тапсырманы іске асыру шеңберінде 2023 жылғы қаңтарда Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларының тетіктерін қайта қарау жоспарлануда.

Сонымен қатар осы айдың өзінде Еңбекмині жастар кәсіпкерлігіне жылдық 2,5%-бен жеңілдікпен микрокредит берудің жаңа тетігін енгізу үшін республикалық бюджеттен қосымша қаржыландыру қажеттілігі бойынша есептерді ұсынатын болады.

Жұмысынан айырылу бойынша МӘСҚ-тен төленетін төлем мөлшерін биыл желтоқсанда орташа айлық табыстың 45%-на дейін арттыру бойынша тапсырманы орындау мақсатында ҚР Әлеуметтік кодексі жобасы шеңберінде әлеуметтік сақтандыру жүйесінің параметрлерін өзгерту көзделген. Жаңа мөлшердегі төлемдер 2023 жылғы 1 қаңтардан басталады.

Неғұрлым сұранысқа ие жоғары білікті кадрлардың тапшылығын төмендету жөніндегі тапсырманы орындау үшін 2023 жылғы наурызда «Кәсіби біліктілік туралы» заңды қабылдау жоспарлануда.

Қазақстан экономикасына бір уақытта 300 мың доллардан астам инвестиция салған шетелдік бизнесмендер үшін инвестициялық визаны, сондай-ақ тапшы кәсіптері бар шетелдіктер үшін визаларды енгізу жөніндегі тапсырманы іске асыру шеңберінде биылғы қыркүйекте ҚР Көші-қон саясатының 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасына, ал 2023 жылғы маусымда «Халықтың көші-қоны туралы» Заңға өзгерістер енгізілетін болады.

Бұдан басқа осы жылғы қарашада «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйверлері» ұлттық жобасы шеңберінде қандастардың қоныс аударуын ынталандырудың және ішкі көші-қонды реттеудің арнайы бағдарламаларын әзірлеу аяқталады.

Бала күтімі бойынша төлем кезеңін бір жарым жасқа дейін ұлғайту жөніндегі тапсырманы іске асыру үшін ағымдағы жылғы қыркүйектен қазанға дейін жұмыс істемейтін аналар үшін республикалық бюджеттен қосымша қаржыландыру қажеттілігі бойынша есептеулер ұсынылады және жұмыс істейтін ата-аналар үшін МӘСҚ-тен төленетін әлеуметтік төлемдерді есептеу алгоритмі түзетіледі. Биыл желтоқсанда ҚР Әлеуметтік кодексінің жобасы шеңберінде балалы отбасыларды қолдау жүйесінің параметрлерін өзгерту және 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік жәрдемақы мен әлеуметтік төлемдерді тағайындау және төлеу бойынша ақпараттық жүйелерді дайындау көзделген.

Базалық зейнетақының ең төменгі мөлшерін ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-ына дейін, ал ең жоғары мөлшерін 120% — ға дейін кезең-кезеңімен арттыру және әйелдер үшін зейнетақы жасын белгілеу жөніндегі тапсырмаларды орындау мақсатында 2023 жылдан 2028 жылға дейін 61 жыл деңгейінде ағымдағы жылғы қыркүйектен қазанға дейін зейнетақы төлемдерін қаржыландыруға республикалық бюджеттен қосымша қаражат қажеттілігі бойынша есептер ұсынылатын болады. сондай-ақ БЖЗҚ-дан тағайындалатын зейнетақы төлемдерін есептеу алгоритмі түзетілді. Осы жылдың желтоқсанында ҚР Әлеуметтік кодексінің жобасы шеңберінде зейнетақы жүйесінің параметрлерін өзгерту және 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы тағайындау және төлеу бойынша ақпараттық жүйелерді дайындау көзделген.

Послание и АПК: какие изменения ждут сферу после поручений президента

В Министерстве  сельского хозяйства разработали конкретные меры по реализации Послания президента народу Казахстана. О них на заседании правительства рассказал министр Ербол Карашукеев. 

«Для увеличения объемов производства и повышения добавленной стоимости отечественной сельхозпродукции корректируются меры государственного стимулирования и поддержки. В частности, в правила субсидирования вносится обязательная норма по взятию сельхозтоваропроизводителями встречных обязательств по стабильному увеличению объемов производства и поставке сырья переработчикам. Предусматривается расширить масштабы господдержки предприятий по выпуску продукций глубокой переработки», — сообщил глава Минсельхоза.

На завершающей стадии находится разработка новых правил по субсидированию отрасли, которые должны заработать с 2023 года. Планируется внедрение действенных инструментов контроля за выполнением встречных обязательств и их оценки, максимальное исключение коррупционных рисков и упрощение процедуры получения субсидий за счет цифровизации. Предусмотрено дальнейшее привлечение инвестиций в сельское хозяйство, внедрение в производство результатов научной и научно-технической деятельности и НИОКР.

«По развитию сельской кооперации министерством в Парламент внесены предложения по расширению существующей законодательной базы и усилению господдержки кооперативного движения, разработана и утверждена Дорожная карта по масштабированию лучшего опыта работы по всей республике с учетом специфики регионов, реализация которой начнется со следующего года», — добавил Е. Карашукеев.

В рамках поставленных задач по обеспечению открытости и оперативности выделения земли предпринимателям планируется интегрировать в единую базу  существующие данные о свободных земельных участках, объектах недвижимости.

Кроме того, в единую цифровую платформу будет собрана информация по сельскому хозяйству, в том числе по водным ресурсам.

На базе дочерней организации НАНОЦ создан единый оператор цифровизации в АПК, а также предлагается создание единой профильной кластерной почвенной службы на базе нескольких РГУ, в том числе «Зонального гидрегеолого-мелиоративного центра», «Кызылординской гидрегеолого-мелиоративной экспедиции», «Южно-Казахстанской гидрегеолого-мелиоративной экспедиции», «Республиканского научно-методического центра агрохимической службы»,  а также Управления изысканий и мониторинга земель Департамента земельного кадастра и территориальных СП и Департамента агрохимических, почвенных обследований и комплексно-изыскательской работы госкорпорации  «Правительство для граждан».

Что касается земельного вопроса, то на сегодняшний день возвращено государству около 2,9 млн га простаивающих угодий и до конца 2023 года будут приняты конкретные решения по 10 млн га неиспользуемых и выданных с нарушением законодательства сельхозземель.

«Для выполнения данной объемной работы необходимо усилить ответственность акимов районов и заместителей акимов областей, курирующих земельные отношения, в случае ненадлежащего выполнения ими функций осуществления мониторинга по выявлению неиспользуемых земель», — подытожил министр.