МӘДЕНИ МҰРАМЫЗ ҚҰРМЕТТЕЛДІ

ЮНЕСКО-ның ескерткіштерді қорғау жөніндегі Халықаралық Кеңесінің Ассамблеясы 1983 жылы 18 сәуірін «Халықаралық ескерткіштерді қорғау күні» деп белгілеген болатын. Қазіргі таңда Қазақстан аумағында ежелден-ақ дамыған өркениет болғанын дәлелдейтін, тізімге алынған 25000 ескерткіш бар. Біздің мақсатымыз ата-бабаларымыздан қалған, еліміздің даму жолын көрсететін сондай ескерткіштерді сақтап қалу.

Жас ұрпақты тарихи құндылықтарымызбен таныстыру, тарихи ескерткіштерімізді, мәдени мұраларымызды қастерлеп сақтауға, құрметтеуге шақыру, сондай-ақ жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында Бақтыбай ауылдық округі әкімі аппаратының ұйымдастыруымен Ұлы Отан соғысы құрбандарына арналған және Бақтыбай Жолбарысұлы ақын атамыздың ескерткішінің маңында тазалау жұмыстары жүргізілді. Шараға мектеп оқушылары мен ұстаздар қатысты.

А. БЕГАСЫЛОВА,

жастар ісі жөніндегі әдіскер-нұсқаушы.