«КӨШПЕНДІЛЕР ШАҺАРЫНА» САЯХАТ

«Білекке сенген заманда ешкімге есе бермедік, білімге сенген заманда қапы қалып жүрмелік» деп Абылай хан айтқандай, Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы негізінде әртүрлі бағытта жұмыс жасалып келеді.  Сондықтан әр адам өзінің  тарихи ұлттық құндылықтарын сақтай отырып, жаңарып жатқан жаңа дүниенің жағымды жақтарын меңгеріп түсіну керек.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Туған жер» жобасы аясында Олег Кошевой атындағы негізгі орта мектебінің 5-9 сынып оқушылары Қапшағай қаласындағы «Көшпенділер қалашығына» саяхат жасады. Саяхаттың басты мақсаты – оқушыларға ежелгі көшпенділердің өмір сүру салтын, қала, қамал салудағы мәдениетін көрсету еді. Барша қазақтың ежелгі ата-бабалары көшпелі болғандықтан,  осы өсіп келе жатқан өскелең ұрпаққа, яғни оқушыларымызға көрсету. Оқушылар  осы саяхаттан үлкен   қуанышпен оралды.

М. МӘжитов,

О.Кошевой атындағы негізгі орта мектебі тарих пәнінің мұғалімі.