ЛАТЫНҒА КӨШУ — ӨРКЕНИЕТТІ ҚАДАМ

Жақында Жұматай Жақыпбаев атындағы орта мектебінің 9 сынып оқушыларының арасында «Рухани жаңғыру» атты тақырыпта  оқушыларды латын әліпбиіне машықтандыру мақсатында  диктант жұмысы жүргізілді. Шараға 23 оқушы қатысты.

Диктант жазу барысында оқушылар латын қарпімен жазу жаза алатындықтарын дәлелдеді. Әрбір оқушы диктант жұмысын тиянақты орындап, көңіл қанағаттанарлық баға алды.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың салиқалы саясатының арқасында біз дамыған елдердің қатарына кіріп, өз ұрпағымызға баянды бақыт сыйлай аламыз. Осы тұста латын қарпіне көшу қазақ тіліміздің тамырын терең етпек.

Н. МАНАРБЕК,

Сырымбет ауылдық округінің жастар ісі жөніндегі нұсқаушысы.