Жақында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ауданда жүзуден жарыс өткізілді. Аталмыш жарыстың басты мақсаты – үздік спортшыларды анықтау, ауданда жүзу спортын дамыту және салауатты өмір салтын насихаттау.
Жарыста БЖСМ-де қатысып жүрген спортшылар өзара мықтыны анықтады. Чемпионат аудандық денешынықтыру және спорт бөлімінің, БЖСМ-нің және жастар ресурстық орталығының қолдауымен ұйымдастырылды. Үздік спортшылар сыйлықтармен, медальдармен және грамоталармен марапатталды.
М. ИМАНБАЕВ,
аудандық денешынықтыру бөлімінің басшысы.