
Халқымыздың тарихи-мәдени мұраларының түрлері сан алуан. Солардың қай-қайсысы да адам баласының игілігіне қызмет етуге бағытталған. Осындай аса құнды мәдени игіліктердің бірі – ұлттық ойындар. Ұлттық ойындар атадан балаға, үлкеннен кішіге мұра болып жалғасып отырған және халықтың дәстүрлі шаруашылық, мәдени, өнер тіршілігінің жиынтық бейнесі де болған.
Ұлыстың Ұлы мерекесі қарсаңында Өтенай ауылында ауыл тұрғындарының ұйымдастыруымен көкпар, бәйге, күрес, асық ату секілді ұлттық ойындардан жарыс өткізілді. Шараның басты мақсаты ұлттық спорт түрлерін халық арасында кеңінен насихаттау, ел арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, жастарды достыққа, патриоттық сезімге, ұлттық мәдениетке тәрбиелеу болып табылады.
Көкпар ойыны тартысты өтті. Балалардың санасына ұлттық ойындарды осылайша дәріптеудің тәрбиелік мәні зор.
Аса қызықты өткен халықтық мерекеде ұлттық ойындардың көрігін қыздырған жарыс жеңімпаздары ауыл әкімінің алғыс хаттары және бағалы сыйлықтарымен марапатталды.
Айдана Мұхамеджанова,
Бақтыбай ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы.