Жас мамандарға тың серпін

«Жас маман» жобасын іске асырудағы әлеуметтік әріптестік пен тәжірибенің мүмкіндіктерін ұсыну мақсатында облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының «Кәсіби шеберлік» жобасы аясында Үстіміздегі жылдың 7-маусымында Көксу ауылшаруашылық колледжінде «Жас Маман» жобасы – жаңа мүмкіндіктерді іске асыру» тақырыбында облыстық семинар өтті.

Семинардың пленарлық отырысының алғашқы сөз кезегін алған облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының техникалық және кәсіптік бөлім басшысы Шынар Исаханова «Кәсіби шеберлік» жобасы аясында жоспарланған шаралардың мүмкіндіктерін және заманауи құрылғыларды оқу үрдісінде пайдалануда білім беру бағдарламаларын жоғарғы оқу орындарымен бірлесе әзірлеу, өңірге қажетті мамандардың қажеттілігін анықтау және оны қанағаттандыру мақсатында «Атамекен» кәсіпкерлер палатасымен бірлескен жұмыстарды үйлестіру, құзыреттілік орталығының жұмысын біліктілікті арттыру курсы, мамандарды қайта даярлау, жаңа серіктестердің қатарын ұлғайту, «Worldskills» стандартына сәйкес әдістемелік өнімдер әзірлеу, демонстрациялық емтихан өткізу, дағдылар мен құзыреттіліктерді дамыту бойынша кәсіпорын базасынан тағылымдамадан өту және үздіксіз білім беруді қамтамсыз ету, тәжірибе алмасу жұмыстарын тұрақты жүргізу бойынша өзекті мәселені баяндаса, колледждің әлеуметтік серіктестері Алматы облысы кәсіпкерлер палатасы Ескелді аудандық филиалының директоры А.Солтанбек, «ТАТЭК» АҚ сенімділік және техника қауіпсіздігі қызметі басшысының орынбасары Р.Лятиев, Көксу АЭЖ басшысы Е.Андакулов, КС «Хильниченко және К» басшысы А.Хильниченко қатысып, кәсіптік білімге енгізіліп отырған өзгерістер мен жоба аясында қойылған міндеттерді шешу жайлы баяндады. Сөз кезегін алған колледж директоры М.Қарасаев «Жас маман жобасы: болашақ маман жетістігінің бастамасы тақырыбында «Жас маман» жобасына енген «Автомобильдерге техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану», «Электрмен қамтамасыз ету» мамандықтары бойынша атқарылған жұмыстардың қорытындысын және алдағы міндеттерді іске асырудың мүмкіндіктерін және мамандықтар бойынша алынған заманауи құрылғылармен таныстырып, ашық тәжірибе алаңында 6 өндірістік оқыту шебері мен арнайы пән оқытушылары заманауи құрылғыда автомобильге көрсетілетін қызмет түрлерінен шеберлік сыныптар арқылы көрсетті. Семинардың қорытындысы бойынша «Жас Маман» жобасының жаңа мүмкіндіктерін іске асыру бағытында келелі ұсыныстар қабылданды.
Жалпы ағымдағы оқу жылында Алматы облысы бойынша 2020,2021 жылдары «Жас маман» жобасы бойынша материалдық-техникалық базасын заманауи құрылғылармен жабдықтаған Шамалған ауылындағы Кәсіптік оқудағы көпсалалы, Талдықорған гуманитарлық-техникалық, Талғар политехникалық, Шелек политехникалық, Талдықорған өнеркәсіптік индустрия және жаңа технологиялар колледждері тәжірибелерін облыс көлемінде таратып, алдағы жұмысты берілген ұсыныстардың негізінде іске асыруды бастап кетті. Таным мен тәжірибеге толы семинар әр педагогтің жаңа қырынан дамуына, шығармашылық ізденісіне үлкен серпіліс болып отыр. Олай болса, тың бастамалардың тәжірибелік мүмкіндіктері алдағы уақыт еншісінде тағы да ұсынып, бағытымызды жетілдіруге жол салатынына сенімдімін.

Ерлан Бекболаев,
Көксу ауылшаруашылық колледжі директордың өндірістік оқыту жұмысы
жөніндегі орынбасары