Өз-өзіңе қызмет еттүскен

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Алматы облысы бойынша департаментінің бастамасымен egov.kz. Электронды үкімет порталы арқылы электронды қызмет алу үшін Ескелді ауданындағы 11 ауылдық округ әкімі аппараттары, білім бөлімі, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, жұмыспен қамту орталығы ғимараттарында «Электронды қызмет көрсету бұрыштары» іске қосылған.
Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштарының басты мақсаты – қызмет алушыларға барынша жағдай жасау, қызмет беруші мен қызмет алушы арасындағы бетпе-бет қарым-қатынасты болдырмау арқылы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою, халық арасында egov.kz. Электронды үкімет порталын танымал ету.
Егер сіздің үйіңізде дербес компьютеріңіз болмаса, ЭЦҚ-ңыз (электронды-цифрлық қолтаңба) болған жағдайда Халыққа қызмет көрсету орталығына бармай-ақ ауылдық округ әкімі аппараттары ғимараттарындағы «Электронды қызмет көрсету бұрыштары» арқылы электронды қызметтерді алуыңызға болады. Бұл жоба әсіресе шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын қызмет алушылар үшін өте қолайлы.

Мемлекеттік қызметтер мониторингі
және ақпараттық технологиялар бөлімі