БАЛАБАҚШАДАҒЫ МЕЙРАМ

Наурыз мерекесі – әлемнің ең көне мерекелерінің бірі. «Наурыз» сөзі парсы тілінен аударғанда «Жаңа күн» деген мағынаны білдіреді.

Бұл – қалың қыстан аман-есен шығып, күн нұрына бөленіп, жаңа жылды қарсы алатын мереке. Наурыз мейрамында көріскен жандар бір-бірін құшақ жая қарсы алып, игі тілектер айтады. Наурыз – көктем мен еңбектің, достық пен бірліктің мейрамы. Сонымен қатар халқымыздың салт-дәстүрлерін құрметтеп, ұлттық қасиеттерімізді бойына сіңіріп, жан-жақты дамыған өне-гелі, өнерлі азамат тәрбиелейтін ұлттық мейрам.

Бақтыбай ауылындағы «Диас» балабақшасы бұл мере-кені өз деңгейінде тойлады. Балабақшада мерекеге арналған «Құтты болсын, әз-Наурыз!» атты ертеңгілік ұйымдастырылды. Топ бүлдіршіндері, тәрбиешілері мен ата-аналар бірлесе отырып, Наурыз мерекесіндегі салт-дәстүрлерді дәріптеді. Дәстүрдің барлығын жай ғана сөзбен баяндап қана қоймай, көпшілікке түсінікті болу үшін сахналық көрініс көрсетті. Ер-теңгілік соңында ауыл әкімі А.Исабеков барша қауымды ұлы мерекемен құттықтап, әр үйге ырыс пен береке, шаттық пен денсаулық  тіледі.  Балалар Наурыз мерекесін қалай тойланатынын көріп, қазақтың салт-дәстүрлерімен танысты. Шара соңында әр топқа бағалы сыйлықтар мен дипломдар табысталды.

А. БеКасылова,

Бақтыбай ауылдық округінің жастар ісі жөніндегі әдіскер-нұсқаушысы.