БІЗ — ЕЛІМІЗДІҢ БОЛАШАҒЫМЫЗ

Жастар – кез келген мемлекеттің ең белсенді бөлігі, қоғамның қозғаушы күші. ҚР Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың 2019 жылды Жастар жылы деп жариялауы – біз үшін үлкен қуаныш болды. Бұл жастардың өзін жақсы жағынан көрсетіп, дарындық танытуға жетелейтін мол мүмкіндік. «Елім маған не береді деп емес, мен еліме не беремін» дейтін Жастар жылын осы ұранмен бастауымыз керек.

Бізге беріліп отырған мүм-кіндіктерді максималды түрде пайдаланып, ойымызда жүрген тың идеяларымызды жүзеге асыру арқылы үлкен нәтижелерге қол жеткізіп, Қазақстанның дамуына үлкен үлес қосуға барымызды салуымыз керек. Сондықтан, ел тірегі жастар екенін әсте естен шығармағанымыз абзал. Қазақстанның жалынды жастары көп болсын!

Жанат Санатұлы, 

аудандық жастар ресурстық орталығының маманы.