«МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ» ҰЛТТЫҚ КОНКУРСЫ

«Мерейлі  отбасы»  ұлттық  конкурсының  мақсаттары:

1) Отбасы институтын, адамгершілікті, руханилықты нығайту, жауапты ерлі-зайыптылықтың  маңызын  тану;

2) Ата-аналардың бала тәрбиелеудегі жауапкершілігін арттыру;

3) Отбасылық құндылықтарды, кәмелетке толған балалардың еңбекке  қабілетсіз, егде жастағы ата-аналарына қамқор болуын дәріптеу және кеңінен насихаттау;

4) Қазақстандық отбасының жағымды имиджін насихаттау;

Конкурсқа қатысуға еңбектегі, спорттағы, шығармашылық, зияткерлік, ғылыми жетістіктері жоғары отбасылар жіберіледі.

Конкурсқа қызметі ҚР аумағында тиым салынған ұйымдардың құрамына кіретін (кірген) мүшелері бар отбасылар қатыса алмайды.

Конкурс өткізу туралы толық мағлұматты «Ескелді ауданының ішкі саясат бөлімінен» алуға болады.

Конкурсқа қатысу үшін өтінім («Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсын өткізу қағидасына сәйкес), құжаттардың көшірмелері, фотосуреттер және т.б.  «Ескелді ауданының ішкі саясат бөлімі» (28 кабинет)  өткізіледі.

«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсына қатысуға арналған  өтінім:

Отағасының (әкесі немесе шешесінің) деректері.

  1. Аты-жөні.
  2. Жасы, жынысы.
  3. Білімі.
  4. Жұмысы.
  5. Тұрғылықты мекені.
  6. Отбасы құрамы туралы мәлімет.
  7. Отбасының (немесе отбасы мүшелерінің) немесе жақсы атағы шыққан.
  8. Наградаларының, марапаттарының болуы мен түрлері.
  9. Отбасындағы әрбір мүшесінің деректері.
  10. Аты-жөні.
  11. Жасы.
  12. Білімі.
  13. Жұмысы.
  14. Тұрғылықты мекені (мекенжайы және тел.).
  15. Отбасы түрі (2, 3, 4 буын және т.с.с.).
  16. Отбасындағы балаларды тәрбиелеу ерек-шелігі.
  17. Тәрбиелеуге негіз болатын ата-ана қасиеті.
  18. Отбасында сақталған отбасылық дәстүрлер.
  19. Отбасындағы негізгі қағидаттары.
  20. Ұстаздардың, педагогтердің, тәрбиелеушілердің ықпалы.
  21. Отбасы өмірінен қызықты оқиғалар.
  22. Отбасылық фотосурет (электрондық нұсқамен бірге). Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 6 желтоқсандағы №250 «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы туралы өкіміне сәйкес, өнегелі құндылықтарды және отбасы мен некенің жағымды бейнесін санаға сіңіру, отбасы мәртебесін арттыру мақсатында жыл сайын «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы өткізіледі.