Жеміс ағаштарының бактериялды күйігі

Аудан көлемінде 256 гектар алмұрт және алма бағы бар. Алма бақтары негізінен Қаратал ауылдық округінде орналасқан, соңғы жылдары жеміс ағаштарының бактериялды күйік ауруы карантиндік нысан байқалуда, негізінен Алматы облысы аумағында 8 түрлы карантинді нысан болған. 2015 жылдан облыста алма ағашының бактериялды күйгіне 9 нысан болып тіркелді.
Бактериялды күйік ауруы бақтарға үлкен қиыншылық туғызады. Жеміс ағаштарының бактериялды күйігі өте қауіпті жұқпалы ауру. Оның қауіпті саналатын себебі тез таралады және аурумен күресу өте қиын. Бактериялды күйік алма, алмұрт, долана, алхоры және тағы басқа 180-нен астам түрін зақымдайды. Зақымдалған ағаш күйік шалғандай түске енеді. Сондықтанда бактериялды күйік ауруы деп аталады. Ауру құрал-сайманмен, ыдыс арқылы және өсімдіктің вегетациялық кезеңінде жәндіктермен, суармалы сулармен таралады. Көктем ылғалды болс , бактерияның белсенділігі артады. Ауруға шалдыққан ағаш 1-3 жылда түгел жойылады. Алма бақтары бар шаруа қожалықтармен жеке аулаларда өсіп тұрған алма ағаштарға профилактикалық жүмыстарды міндетті түрде жүргізіп тұрған жөн. Көктем кезінде жаңадан отырғызылытын алма көшеттерінмамандандырылған заңды түрде тіркелген көшет өсіретін шаруашылықтан алған дұрыс. Өйткені бактериялды күйік ауруы алма ағаштарының көшеттерінен тараған деген болжам бар.

Д.Искаков,
аудандық аумақтық өсімдіктер карантин инспекторы