ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АКЦИЯСЫ

Ұлы Жеңістің 73 жылдық мерейтойының қарсаңында «Нұр Отан» партиясының «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында, «Нұр Отан» партиясы Ескелді аудандық филиалының ұйымдастыруымен Ескелді аудандық халыққа қызмет көрсету орталығында ардагерлерге арналған «Ашық есік күні» өтті. Қабылдауға келген ардагерлер мен тыл еңбеккерлері толғандырып жүрген мәселелері бойынша сұрақтарын қойып, тиісті көмектерін алды. Сонымен қатар, партия белсенділері және аудандық аурухананың  қызметкерлері, ҰОС ардагерлерінің үйлерін аралап, тегін медициналық қызметтерін көрсетіп қайтты. Ескелді аудандық «Жас Отан» ЖҚ жастар ресурстық орталығының белсенділері, ардагерлердің үйлерін аралап, шаруашылық жұмыстарына қолғабыс етіп, көмектерін көрсетті.

Н. ЖҰМАХАНҚЫЗЫ,

«Нұр Отан» партиясы Ескелді аудандық филиалының консультанты.