АРДАГЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Ұлы Жеңіс мерекесі қарсаңындағы ардагерлерді құттықтау шарасы ұйымдастырылып, өткізілді. «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Сағатханұлы Әшімбаевтың атынан ашық хаты мен қалта сағатты табыстау мақсатында, Ескелді ауданының әкімі, аудандық партия филиалының төрағасы Бағлан Сағындықұлы Тәнекенов және аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, аудандық мәслихат депутаты Дәулет Садырұлы Идрисов,  Қарабұлақ ауылының тұрғыны, ҰОС ардагері Ещенко Петр Михайловичке сыйлықтарын табыстап, ардагерді құттықтады. Сонымен қатар, ардагерлерді мерекесімен құттықтау шарасы жалғасып, «Нұр Отан» партиясы Ескелді аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Даулет Садырұлы Идрисов Қарабұлақ ауылының тұрғыны Вахтин Семен Андреевичті құттықтаса, ал филиалға қарасты «Қоңыр» бастауыш партия ұйымының төрағасы Арай Елюбекұлы Күмісбеков Хамза атамызға сыйлығын табыстап, ардагерді құттықтап, ыстық ықыласын білдірді. Риза болған қариялар бізге тыныш өмір сыйлап, өмірлерін пида еткен аталарымызға алғыстарын білдіріп, қазіргі уақытта бейбіт өмір сүруіміз Елбасының арқасында екенін айтып, ақ баталарын берді.

Н. ЖҰМАХАНҚЫЗЫ,

«Нұр Отан» партиясы Ескелді аудандық филиалының консультанты.