Мәдениет және өнер қызметкерлерінің күні өтті

21 мамыр күні Мәдениет және өнер қызметкерлерінің кәсіби мерекесі күніне орай аудандық әкімдіктің кіші залында ауданның мәдениет қызметкерлерімен жиын өтті. Аудан әкімінің орынбасары Е.Әпеков мәдениет қызметкерлерін мерекелерімен құттықтап, біраз азаматтарға аудан әкімінің алғыс хаттарын табыс етті.

Сондайақ аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Б.Ерғалиева сала бойынша атқарылып жатқан жұмыстар мен қызметкерлердің жетістіктері туралы айта келе, еңбегімен танылған азаматтарды бөлімнің алғыс хаттарымен марапаттады.

Аудандық «Нұр Отан» бастауыш партия ұйымы төрағасының бірінші орынбасары Д.Идрисов құттықтау сөзін айтып, алғыс хаттарын табыс етті.