АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ЕЛОРДАНЫҢ ЖАҢА АТАУЫН ҚОЛДАЙДЫ

Талдықорған қаласының орталық Жастар саябағында «Алматы облысы Елдорданың жаңа атауын қолдайды» атты концерт ұйымдастырылды. Оған қатысқан халық саны 23 мыңды құрады. Оның ішінде Ескелді ауданынан мыңнан аса адам қатысты. Облыс орталығының және оның айналасындағы аудандардың тұрғындары еліміз үшін тарихи оқиғаға қолдау білдірді. Шарада Қазақстан эстрадасының жұлдыздары әннен шашу шашып, халықтың ықыласына бөленді.

Белгілі болғандай, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Тұңғыш Президенттің есімі ел есінде мәңгі сақталу үшін Астананың атын Нұр-Сұлтан деп өзгерту туралы жарлыққа қол қойды. Алматы облысының барлық тұрғындары бұл идеяны бір ауыздан қолдады. Әсем әуенмен көмкерілген кеш соңында отшашулар шашылып, жиылған қауым жақсы көңіл-күймен тарқасты.

Алима МҰРАТҚЫЗЫ.