ҰЛЫ ДАЛА — ЕЛ ТІРЕГІ

Тұңғыш Президент Н.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласына байланысты Т.Рүстембеков атындағы орта мектебінде төл тарихын білетін, бағалайтын және мақтан ететін жас ұрпақтарды тәрбиелеу мақсатында дөңгелек үстел өткізілді. Шараны тарих пәнінің мұғалімі М. Иманғалиева, мектеп кітапханашылары Ұ.Рысмендиева мен М.Диханбаева 9-11 сынып оқушыларымен өткізді.

Дөңгелек үстелге қатысушылар пікір алмасып, мақалада көтерілген тарихи тақырыптарды егжей-тегжейлі талқылды. Түркі әлемінің бесігі – киелі Алтайдан бастау алатын өркениет заманында ғұмыр кешкен ата-бабалардың өмір-салтын түсіну үшін мыңжылдық тарихты әлі де зерттеу қажеттігін айтты. Өткен тарихымызды мақтан тұтып, оны бағалау – еліміздің жарқын болашағының кепілі.

Қорыта келгенде, ұлттық санасы жаңғырып, рухани жаңғыру жолында тарихын түгендеп, атына қайта мінген қазақтың кеудесін ешкім итере алмайтыны мәлім. Осындай игі бастамаларға ұйытқы болу әрқайсымызға қастерлі міндет.

М. ИманҒалиева,

Т.Рүстембеков атындағы орта мектебі, тарих пәнінің мұғалімі.