ОТБАСЫ — МЕРЕЙЛІ МЕКЕНІМ

ҚР Тұңғыш Президенті «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласындағы «Туған жер» кіші бағдарламасының мақсаты өзінің туған жеріне, оның тарихына, мәдениетіне, салт-дәстүріне деген адалдық пен адамгершілік борышын жандандырып, қазақстандықтардың сезімін шынайы патриотизм ретінде қалыптастыру екені бәрімізге белгілі. Осындай мақсатміндеттерді берік ұстанған Мичурин атындағы негізгі орта мектебінің қабырғасында тақырыпқа сәйкес шаралар жиі өткізіліп тұрады. Жақында оқушылардың өнерге деген құлшыныстарын арттыру үшін «Отбасым – мерейлі мекенім» тақырыбында сайыс өткізілді. Сайыстың ережесіне сәйкес сайысқа оқушылар аналарымен қатысты. Отбасыларымен өнер көрсету, мақал-мәтел айту, қолөнер бойынша нәтижелерін көрсетті. Аталған сайыста өнерімен ерекше көзге түскен отбасыларға мақтау қағаздары берілді.

К. Қасабулатова,

Мичурин атындағы негізгі орта мектебі.