ҚОЛДАУ ТАПҚАН БАСТАМА

Кітап – адамның рухани дүниесін байытатын сөздік қоры мен ойлау дағдыларын қалыптастыратын жан дүниесінің серігі. Егер әрбір жас ұрпақ кітапті өзіне серік ете алса, келешекте рухы биік, көзі ашық, көкірегі ояу азамат болары сөзсіз.

Назарбаев Зияткерлік мектебіндегі елімізде кеңінен қолдау тапқан «100 кітап» бастамасы аясында біздің Байысов атындағы орта мектебінің кітапханашысы Райхан Мажитова «25 кітап» тақырыбында мектепшілік байқау ұйымдастырды.

Бұл байқау оқушылар мен ата-аналар тарапынан үлкен қолдау тапты. Ең бастысы, аталмыш іс-шара қатысушы оқушылардың қызығушылығын оятты. Бұл байқауды жүзеге асырудағы басты мақсат – ұлттық мәдинетіміздің асыл мұраларын әдеби шығармаларды қайта жаңғырту және балалардың сол рухани қазыналарымызға деген қызығушылығын ояту.

Қазір заман, техниканың заманы болды да оқушылар керекті мәліметін интернет жүйелерінен (компьютерден, ұялы телефоннан) ала салады,  кітаптан іздемейді. Сондықтан, жастар арасында кітап оқуды күнделікті дағдыға айландыру – ұлттық құндылықтарды құрметтей білуге тәрбиелеу. Одан бөлек, жақсыдан үйреніп, жаманнан жиренуге де басымдық берілді.

Бастауыш сыныптар арасында «Ертегілер елінде» тақырыбында 3 «а» сынып оқушылары «Жеті қарға» ертегісінің мазмұнын айтып, өздерінің көріністерін қойды. Жиналған қауым оларға ризашылықтарын білдірді. Ал 3 «ә» сынып оқушылары «Бала мен қарлығаш» ертегісін сахналады. Аманқос Қасым – баланың рөлін өте сәтті ойнады. Штахмет Айша болса Қарлығаштың рөлін өте керемет сомдады.  3 «в» сынып оқушылары «Алдар Көсе» ертегісінің орысша нұсқасын көрсетті. Барлық қойылым көрермендерге, әділ-қазылар алқасына және осы көрініске қатысқан оқушыларға ұнап, бір сәт ертегілер еліне саяхат жасағандай әсер алды.

Нәтижесінде, 3 «ә» сынып оқушылары Бас жүлде мен «Керемет киім үлгісі» номинациясын ұтып алды. 3 «а» сынып оқушылары І орын, ал 3 «в» сынып оқушылары ІІ орынға  ие болды.

Оқушыларымыз қойылым кезінде тапқырлық танытып, алғырлықтарын байқатты. Балалар кітапханаға жиі келіп, асыл қазынамызбен жақын дос болуға келісті.

Н. НұрсеЙІтов,                                                                                     

Байысов атындағы орта мектеп директорының әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары.