МЕМЛЕКЕТТІҢ МӘРТЕБЕСІН БИІКТЕТЕ БЕРЕМІЗ

Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласының аясында «Қоғамдық сананы модернизациялау» бағытын жүзеге асыру барысында тәрбие жұмысының жүйесі жаңа екпін алып отыр. Білім беру мекемелерінде «Тәрбие және білім» бағдарламасы бойынша «Отаным – тағдырым», «Өлкетану», «Саналы Азамат» атты үш базалық бағытта жүзеге асырылуда.

Тұңғыш Президентіміздің «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы елде қызу талқыланып жатыр. Н.Ә. Назарбаев «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласымен төл тарихымызды бір жүйеге келтіруді көздейді. Яғни, құр тарихи деректер емес, жалпы жұрт түсінетін мәдени дүниеге айналдыру мәселесін қозғайды. Жас ұрпақ үшін «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы өте құнды еңбек болып табылады. Бұл мақала «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының жалғасы іспетті. Осыған орай, мектепте «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы бойынша ақпараттық стенд ұйымдастырылды. Мектеп кітапханашысы А.Имамадиева осы тақырыпқа арналған бұрыш жасады. Мектеп ұстаздары әрбір өткізген сабақтарын аталмыш мақаламен байланыстырып жүргізеді. 6 «ә» сыныбының жетекшісі М.Қайсанова оқушыларымен «Ұлы даланың жеті қыры» тақырыбында конференция өткізді.

Жоспар бойынша іс-шаралар «Тоғызқұмалақ», «Жыр жұлдызы – Жұматай», «Жұматай ізбасарлары», «Ұлы дала поэзиясы», «Ауғанның отты жылдары» тақырыбында жұмыстар атқарылды. Ұлы даланы мекендеген қазақ халқы аңшылықты да алғашқы орынға қойған. Қазақ мұрасының болмысы, рухани айшығы – аң стилі өнерін оқушыларға дәріптеу мақсатында үйірме жұмысы ұйымдастырылды. Іс-шаралар жоспарына сәйкес мектебімізде 25 ән, 25 кітап, 25 күй жобасы жүзеге асырылуда.

«Өткенді білмей, болашақты болжау мүмкін емес» деген халық даналығы бар. Қазақстандай аса қуатты, мызғымайтын мемлекеттің мәртебесін биіктете берудің маңыздылығын оқушы зердесіне сіңіруіміз қажет.

Н. ЖҰмаҒалиева,

Ж.Жақыпбаев атындағы орта мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.