АҚЫН РУХЫНА АРНАЛҒАН КЕШ

Мұқағали Мақатаев – поэзияның шоқтығын биік қойған қазақтың лирик ақыны. Ол қазақтың өлең-сөзін жаңа заңғарларға көтеріп,  өлеңнен өрнек өріп, жыр сомдаған XX ғасырдың санаулы саңлақтарының бірі.

Ақынның жанынан шығарып жазған әрбір өлеңінің мағынасы терең. Адамға шабыт беріп, қанаттандыратын өлеңдері жетерлік.

Бүгінгі шоқтығы биік ақынның әрбір өлеңін өскелең ұрпақ жатқа айтып, ақынның рухына тағзым етіп келеді.

Мұзбалақ ақынның туған күніне орай поэзия өнерін дәріптеу мақсатында Мелькомбинат орта мектебінде ақиық ақынның ән кеші өткізілді. Ақынның өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқыған оқушылар ақынның рухына үлкен құрмет көрсетті. Сонымен қатар оқушылар ақынның махаббат символына айналған «Аққулар ұйықтағанда» поэмасын рөлге бөліп сомдап, көрерменнің көзайымына айналды. Поэманы рөлге бөліп сомдаған оқушылар образға кіріп, кейіпкердің жан жарасын толығымен жеткізіп, қошеметке бөленді. Сондай-ақ ақынның көзі тірісінде орындаған әндерін оқушылар нақышына келтіре орындап берді.

Әдеби кешті ұйымдастырған мектеп ұстаздарына алғысымыз шексіз. Өмірін поэзияға арнаған ақынның ән кеші әлі де жалғасын табады деген ойдамыз.

Алима МҰРАТҚЫЗЫ.