Жастардың имандылығын кеңейткен жиын

Жуырда ауыл жастарына құқықтық тәрбие беру, рухани-өнегелі тәрбие беру, жастардың білімге деген құштарлығын, әлеуметтік маңызды және жеке қасиеттері мен мәдениетін қалыптастыруға баулу мақсатында С.Сейфуллин атындағы орта мектебінде Бақтыбай ауылдық округтінің жастар ісі жөніндегі әдіскер нұсқаушының ұйымдастыруымен «Дін — тәрбиенің рухани тірегі» атты шарасы өтті. Жоғары сынып оқушыларына округтің бас имамы құқық бұзушылықтың және діни экстримизім мен терроризімнің алдын алу туралы терең мағлұмат берді. Білім мен иманның қатар жүруі тиіс екені туралы да айтылды. Шара соңында имам жастарға батасын беріп, айлардың сұлтаны Рамазан мейрамымен құттықтады. Оқушылармен керемет, мағыналы кездесу болды.

А.Ешмуханбетова,
Бақтыбай ауылдық округінің жастар
ісі жөніндегі әдіскер нұсқаушысы