Аудан төрінде жас атлеттер атой салды

Дана халқымыз «басты байлық-денсаулық» деп бекер айтпаса керек.
Бүгінде жастардың дене шынықтырумен айналысуының ең басты мақсаты салауатты өмір сүру салты екені мәлім. Қарапайым дене бітімінің келбетті болуына жастайынан шынығу себеп. Десек те орта жасқа келіп жеңіл атлетикамен айналысып, дене бітімімді бір мезетте түзеп аламын деу әрине қисынсыз. Ол үшін жастайынан, бала кезінен, мектеп кезінен бастап деннің саулығына, сергектігіне, ширақтыққа, шапшаңдыққа және дене бітімінің қалыпты өсіуіне жеткілкті көңіл бөлінуі керек. Ол әрине үлкендердің міндеті. Жасөспірімдерді зиянды әдеттерден аулақ ұстап, салауатты өмір салтына итермелейтін дүние-ол спорт. Әр баланың спортта өзіндік таңдауы бар. Дегенмен әрбір жас буынды сүйсіндірген спорт ең алдымен жеңіл атлетикадан бастау алады. Жеңіл атлетикадағы жүгіру, жүру, секіру, лақтыру. Міне бұл баланың дамып жетілуіне нағыз керекті спорттың бірі.

26-сәуір күні Ескелді жері, Қарабұлақ ауылының орталық стадионында жеңіл атлетикадан 2003-2010 ж.т. жасөспірімдер арасында облыстық чемпионаттың ашылу салтанаты өтті. Сайысқа барлығы 2 қала мен 13 ауданнан 150 спортшы қатысып жатыр. Дүбірлі доданың шымылдығын Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының, Олимпиадалық спорт түрлері, спорттық резервтер мен қызметтер көрсету бөлімінің басшысы Саят Сарқытов, Ескелді ауданы әкімінің орынбасары Жұмағұл Әлімбеков, сайыстың бас төрешісі Алматы облысы жеңіл атлетика федерациясының президенті, Жеңіл атлетикадан Алматы облысының аға жаттықтырушысы Еркен Сепбосынов ашты. Алыс аудандардың спортшыларын бір ортаға жинаған жеңіл атлетика додасы 3-күнге созылады. Жастайынан спортты сүйген саңлақтарға сәттілік тілейміз!

Арай Әлімжанова