Сауапты тірлік

«Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің», — дейді қазақ xалқы. Қайырымдылық-адамзат бойындағы ерекше бір қасиет болып саналады. Қайырымдылық ізгіліктің, адамның адамға деген таза ниетін, адамгершілік қарым-қатынасын көрсететін адамдардың бір-біріне деген сүйіспеншілігі мен көмегі.
Жас ұрпаққа қайырымдылық, мейірімділік секілді асыл қасиеттерді дәріптеу аса қажет. Жағдайы төмен жандарға қол ұшын созып, көмекке зәру адамдарды қолдауды дамыту, қайырымдылықты насихаттау мақсатында қасиетті Рамазан айында Бақтыбай ауылдық округінің жастар ісі жөніндегі нұсқаушысының ұйымдастыруымен және әкімшілік қызметкерлерінің қолдауымен «Жылы жүрек, жомарт қол» атты қайырымдылық шарасы өтті. Шара барысында мұқтаж отбасыларға азық-түлік, өзге де керек-жарақпен көмек көрсетілді. Бақтыбай ауылдық округінде осындай игі шаралар әлі де жалғасын таппақ. «Жанашырлыққа жан риза» дегендей адам ұрпағына қайырымдылықты жастайынан үйретіп, адамгершілік қасиеттерге баулуға ұмтылады.

А.Ешмуханбетова,
Бақтыбай ауылдық
округінің жастар
ісі жөніндегі нұсқаушысы