Мәслихат мінберінде

Апта басында ауданның жетінші шақырылған мәслихатының кезекті жиырма алтыншы сессиясы өтті. Атаулы сессияда негізгі үш мәселе қаралды. Халық қалаулылары жиын барысында ауданның 2021 жылға арналған бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есебін бекіту, ауданның ауылдық округтерінің 2021 жылға арналған бюджеттерінің атқарылуы туралы жылдық есебін бекіту туралы және қылмыстық жазаларды және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын мекемелер мен органдардың қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру бойынша жергілікті атқарушы органдардың жанындағы консультациялық-кеңесші органның 2021 жылы атқарған жұмыстары жайын талқылады. Келелі жиын барысында аудандық мәслихаттың 2017 жылғы 6-ақпандағы №11-65 «Ескелді аудандық мәслихаты аппаратының қызметтік куәлігін беру қағидаларын және оның сипаттамасын бекіту туралы» шешімінің күшін жою және мәслихаттың 2017 жылғы 7-қарашадағы № 21-141 «Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы» шешімінің күші жою туралы шешімдерді шығарды.