Бабалар жолы – ұрпаққа тәлім

Ұлы даладағы тарихи-мәдени ескерткіштер — ұлтымыздың байлығы. Халқымыздың өткенінен сыр шертетін қастерлі мұра. Бүгінгі жастарымыз қазақ халқының мақтанышына айналған бабаларымызға қойылған ескерткіштерді мақтаныш етіп, бойын жігер мен намыс қайрап, келешекке деген қадамдары нық болатыны сөзсіз. Сондықтан ел тұтастығының жолында жанын пида еткен бабаларымызға тағзым ету азаматтық борышымыз.
Обылысымызда қазақтың тұнғыш тарихшысы, ел мен жер үшін бел шешіп күрескен, ел шетіне жау келсе қорған болған Қыдырғали Жалайыр бабамызға тұғырлы ескерткіш орнатылған. Ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен анталаған жауға айбат көрсеткен Қаракерей Қабанбай, Шапырашты Наурызбай, Райымбектей батыр бабаларымыз ғана да ескерткіштер орнатылды. Қасиетті домбырасын қолына алып, халққына қарата сөз сөйлеген Сүйінбай бабамыздың алып бейнесі «Жастар» спорт сарайының ажарын аша түсті. Батыр бабаларымызға арналған ескерткіштер ұлттық идеологиямыздың бір сипаты. Жуырда Жетісу ауылындағы Ұлы Отан соғысы құрбандарына арналған ескерткіш тақтасының алдында жасөспірімдер тәу етті. «Ескерткіштер – ел тарихы» тақырыбында өткен шарада аға буын өкілдері жастарға ерлік пен елдікті мұра еткен бабалар жолынан естеліктер айтылып, тарих пернесі шертілді. Бұл шараны ұйымдастыру мақсаты – жастарды елжандылыққа, ұлтжандылыққа тәрбиелеу, бабалар жолын ұрпақ санасында жаңғырту.

Р.Бейсенбинова,
Төлеңгіт ауылдық округінің жастар ісі жөніндегі нұсқаушысы