Баға тұрақтылығы басты назарда

Ауданда әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің бағасын ұстап тұру мақсатында, Ескелді ауданының кәсіпкерлік бөлімі «Жетісу» ӘКК арқылы Ақсу ауданы Жансүгіров ауылының «Ақсуқант» ЖШС-нен 290 теңгеден аспайтын бағамен аудан дүкендеріне сату үшін 23 тонна қант әкелді.
Қантты бір килограмм үшін 290 теңге бағамен (бір қолға 2 кг-нан артық емес) төменде аталған дүкендерден сатып алуға болады:
Қарабұлақ ауылдық округі бойынша «Оптомаркет», «Овация», «Оптовочка», «Болашақ», «Жақсылық», «Альтаир» дүкендері;
Бақтыбай ауылдық округі бойынша «Фортуна», «Айдана», «Дәулет», «Диас», «Сәлем» дүкендері;
Ақын Сара ауылдық округі бойынша «Дәулет», «ЖҚС» дүкендері;
Қоңыр ауылдық округі бойынша «Сәуле» дүкені;
Көкжазық ауылдық округі бойынша «Аділет», «Мақпал», «Бесбойдақ», «Боктерли», «Ерасыл», «Гузаль», «Айнур», «Көкжазық» дүкендері;
Қаратал ауылдық округі бойынша «Қаратал», «Олжас», «Океан» дүкендері;
Алдабергенов ауылдық округі бойынша «Мерей», «Айжан», «Достар», «Мәулен», «Дана», «Көркем», «Жандос», «ЖК Иноятов», «Қанат», «Жібек», «Балым», «Айым», «Майра», «Арайлым», «Наубайхана» дүкендері;
Қайнарлы ауылдық округі бойынша «Азық түлік» дүкені;
Төлеңгіт ауылдық округі бойынша «Жетісу» дүкені;
Жалғызағаш ауылдық округі бойынша «Нұрсәт», «Жалғызағаш», «Береке», «Зарина», «Биғаш» дүкендері.