Халық қалаулылары тұрғындармен кездесті

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы» атты дәстүрлі жолдауында берілген тапсырмаларын орындау мақсатында аудандық мәслихат депутаттары аудан және ауыл халқымен кездесулер өткізді.

Аудан көлемінде 12 мәслихат депутаты бар. Олардың барлығы ауданды толығымен қамтып кездесу ұйымдастырды. Облыстық мәслихат депутаты Герман Нам наурыз айының соңында Шымыр ауылының тұрғындарымен кездесті. Халық қалаулысының мұндағы мақсаты — мемлекет басшысының жолдауын аудан тұрғындары арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу, халықтың ойы мен пікірін тыңдау, ұсыныстарын ескеру.
Халықпен кездесу шаралары наурыз айының үшінші он күндігінде басталған еді. Мәселен, 24-наурызда аудандық мәслихат депутаттары бірден 4 ауылдық округті қамтыды. Атап айтсақ, аудан орталығы Қарабұлақ ауылында «AMANAT» партиясы аудандық филилалының фракция жетекшісі Серік Жолдыбаев кездесу өткізді. Дәл сондай кездесуді, аудандық мәслихат хатшысы Қанат Сатанов Қайнарлы ауылдық округінде, аудандық мәслихат депутаты Ермек Торғаев Жалғызағаш ауылдық округінде, жас депутат Толғанай Батырханова Қоңыр ауылында, аудандық мәслихат депутаты Раушан Мейрбекова Шымыр ауылында кездесу өткізді. Сонымен қатар, халық қалаулылары Гүлшат Аққалиқызы, Александр Хильниченко, Үміт Тортаева, Саят Ткенбаев, Айдын Дюсенбинов, Бақыт Досанов, Серік Чукеновтер де ел ортасына түсіп, тұрғындармен кездесті

Назерке Қожагелдинова,
«AMANAT» партиясы аудандық филиалының консультанты