«БАС ЖҮЛДЕНІ» ҚАНЖЫҒАЛАДЫ

Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай Талдықорған қаласында І.Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында ақын өлеңдеріне жазылған әндерді орындаушылар арасында XII облыстық «Жырлайды жүрек» әншілер байқауы өткізілді. Алматы облысының түкпір-түкпірінен келген өнер додасына Ескелді  ауданынан «Самғау» квартеті мен дәстүрлі әнші Бақытбек Серікбай қатысты.

Жоғары деңгейде көрсеткен өнері үшін үміткерлер ішінен «Самғау» квартеті  топты жарып Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы және облыстық халық шығармашылығы орталығының БАС ЖҮЛДЕ дипломын жеңіп алып, ақшалай сыйлықпен марапатталды.

«Самғау» квартетінің жетекшісі, өз ісінің білікті маманы Данияр Кемелбаевтың бұл тарапта еңбегі зор. Аталмыш квартеттің құрамы облыс пен аудан жұртшылығына танымал Мақпұзат Махыметхан, Ғалия Шахарбаева, Мағжан Айтжанов және Динара Ермолдина есімді өнерпаздар. Өнер тарландары әлі де ауданымыздың мәртебесін асқақтатып, өнердің төрінен биікке самғайтынына ләйім сенеміз.

Ардақ КӨмекова,

аудандық Мәдениет үйінің әдіскері.