АЛТЫН ШЕЖІРЕГЕ ТОЛЫ АУДАН ТАРИХЫ

Адам өмірінде киелі орын алатын туған жер атты ұғымның мәні мен мағынасы терең. Ал туған жердің тарихын білу – кез келген отансүйгіш азаматтың парызы. Бүгінгі заман ағымымен зырғып, өткен тарихты елемей жүрген кезде кейінгі ұрпаққа берер білім мен тәрбиенің маңызы мардымсыз сияқты болып көрінеді.

Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының «Туған жер» кіші бағдарламасында білім беру саласы төңірегінде ауқымды өлкетану жұмыстарын жүргізуді тапсырған болатын. Осы бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында аудан көлемінде түрлі  жобалар жоспарланып, іс-шаралар іске асырылып тұрады. Солардың бірі әдістемелік кабинеттің ұйымдастыруымен өткен мектеп оқушыларының арасындағы «Алтын шежіреге толы аудан тарихы» атты интеллектуалдық-танымдық сайысы.

Барлығы бес кезеңнен өткен сайысқа ауданнан он екі мектептің оқушылары іріктелініп, білімі мен өнері сынға түсті. Топтың атауы мен ұранын, туған жердің құндылықтарын дәріптеп, үздік таныстырған Алдабергенов орта мектебі, Ақын Сара ауылдық округіне қарасты Ш.Уәлиханов атындағы орта мектебі және Т.Рүстембеков атындағы орта мектептің білім-герлері болды. Қарабұлақ орта мектебі, М.Мәметова атындағы орта мектеп пен Ж.Жақыпбаев атындағы орта мектебінің оқушылары топтың әнін сазына келтіріп, үздік орындады. Топтың эмблемасына аса назар аударып, ерекше мән беріп та-ныстырған Мелькомбинат негізгі орта мектебінің оқушылары болды.

Екінші кезеңде алтын шежіреге толы аудан тарихы мен осы өлкеде туып-өскен, елге еңбегі сіңген қай-раткерлерді слайд арқылы таныс-тырып, қорғау шеберлігін барлық қатысушылар жоғары деңгейде көрсете білді. Ал үшінші кезеңде топ басшыларының білімдері мен сұрақтарға жылдам жауап беру тапқырылығы сыналды. Аталған кезеңде Ш.Уәлиханов атындағы мектеп-гимназиясы, Жетісу орта мектебі, Балпық би атындағы орта мектебі және Абай атындағы орта мектебінің оқушылары алдыңғы қатардан көрінді.

Сайыскерлердің ойлау қабілеті мен шығармашылық деңгейін анықтау мақсатында әр топқа мәтін таратылды. Әр тарап мәтін мазмұнына сай ойды мақал-мәтелдермен және көркем әдеби тілмен жеткізіп, бұл кезеңнен барлығы сүрінбей өтті. Соңғы шешуші кезеңде, яғни ұяшықтарда берілген сұрақтарға Ш.Уәлиханов атындағы орта мектеп-гимназиясы және Жетісу орта мектебінің тәлімгерлері ұтымды жауап беріп, алғырлықтарын көрсетті.

Білімдерін бір-бірімен сынға таластырған сайыскерлердің арасынан үздікті таңдау әділқазылар үшін қиынға соқты. Дегенмен де ортақ ұпай қорытындысы бойынша алты үшінші орын, төрт екінші орын және екі бірінші орындар сараланды. Атап айтқанда, ІІІ орындарды Мәметова атындағы орта мектеп, Ш.Уәлиханов атындағы орта мектеп, Қарабұлақ орта мектебі, Ж.Жақыпбаев атындағы орта мектебі, Т.Рүстембеков атындағы орта мектебі және Қаблиса жырау атындағы орта мектептері бөлісті. ІІ орынға Мелькомбинат орта мектебі, Алдабергенов атындағы орта мектебі, Абай атындағы орта мектебі және Балпық атындағы орта мектебі жайғасты. Ал І орын тұғырынан Ш.Уәлиханов атындағы орта мектеп-гимназиясы мен Жетісу орта мектебінің оқушылары көрінді.

Алдағы уақытта әдістемелік кабинеттің маманы Эльмира Әлпиеваның ұйымдастыруымен осындай сайыстың жалғасы болады. Яғни І және ІІ орындарды иеленген үздіктер қатарынан жүзден жүйрік, мыңнан тұлпарды анықтау жалғасын таптық. Ал әзірге биік белестен көрінген үздіктердің үздіктерін сайыстыру мақсатында білімдеріне сай тапсырмалар дайындау әділқазылар алқасына, яғни аудандық білім бөлімі, жастар ресурстық орталығы және «Жетісу шұғыласы» газетінің қызметкерлеріне жүктелді.

Зейнегүл ЖҰМАБЕКОВА.