«БҰЛ ЗАМАН БІЛЕККЕ ЕМЕС, БІЛІМГЕ СЕНЕТІН ЗАМАН», — дейді аудандық жастар ресурстық орталығының жетекшісі Серік ЖОЛДЫБАЕВ.

— Серік Сағадиұлы, өзіңізді және орталығыңыздың мамандарын Жастар жылының басталуымен құттықтаймын! Игі бастамалар оңынан болсын!

— Рақмет!

— Өткен аптада Елбасының тікелей қатысуымен Жастар жылының салтанатты ашылу рәсімін тамашаладық. Сіздің ойыңызша, бұл жыл басқа жылдардан несімен ерекшеленеді? Қазақстандық жастарға қандай ізін қал-дырады деп ойлайсыз?

— Елбасымыз өзінің әр сө-зінде жастарды қолдап, демеп жүреді. «Жастар жарқын жүректі, өршіл намысты, биік рухты болса, ол елдің еңсесі де биік болады» деген сөздерді жиі айтатын Елбасымыз 2019 жылды Жастар жылы деп жариялап, өскелең ұрпақтың мерейін асырды. Биылғы Жастар жылында Елбасымыз нақты бағыт-бағдарын айқындап берді. Биылғы жылы жастарға берілетін мол мүмкіндіктерді кеңінен қолданып, мемлекеті-мізді мығым етуге барша қа-зақстандық жастардың жұмыла еңбек етуі қажет. Мемлекет басшысының әрбір өңірде Назарбаев Университетінің үлгісі бойынша 1 жоғарғы оқу орнын құру жөніндегі бастамасы өте маңызды деп білемін. Бұл – облыс орталықтары мен республикалық маңызы бар қалаларда ғылыми және білім беру хабы ашылады деген сөз. Сонымен қатар, әр об-лыста заманауи технологиямен қамтамасыз етілген үздік 10 колледж қамтылуы қажеттігі айтылды. Міне, осындай жос-парланған жұмыстардың берер жемісі өте көп.

Сонымен қатар биыл ау-ылдағы жастардың кәсіпкер-лікпен айналысуына өмірі мен жұмысына қолайлы жағдай жасалмақ. Ауыл – мемлекеттің тірегі, ұлтжандылық пен рухани күштің қайнар көзі демекші,  ауыл шаруашылығын дамытуға арналған бағдарламалары ар-қылы жастарға жігер беретіні рас.

Мемлекет басшысы Нұрсұл-тан Әбішұлы Жастар жылының ашылу рәсімінде еліміздегі жас кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан берілген мүмкіндіктер- мен көрсетіліп жатқан көмектің нәтижесінде ірі бастамалардың сәтті жүзеге асқандығын айтты. Президент «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының тәжі-рибесі туралы айтып, «Жас кәсіпкер» бағдарламасын әзір-леуді тапсырды. Бұл бағдар-ламаны шағын несие берудің және оқыту ісінің оң тәжірибесі негізінде құру қажеттігін де баса айтты. Тіпті, жоба аясында жыл сайын білім алатын жұмыссыз жастар мен өзін-өзі жұмыспен қамтығандар санын 100 мыңға дейін жеткізу межесін белгілеп берді. Елбасы Жастар жылына қатысты салтанатты жиында «Бизнестің жол картасы — 2020» бағдарламасы аясында жас кәсіпкерлер үшін гранттар санын арттыруды тапсырды. Президент атап өткендей, бұл мүмкіндік барысында үш жылда шамамен 300 мыңға жуық жас бизнестің қыр-сырын меңгеріп шығады. Олардың төрттен бірі, кем дегенде 80 мың адам өз кәсібін бастайды. Бұл кәсіп-керлік негіздерін оқыту жобаларына жастардың неғұрлым көбірек келуіне септігін тигізбек. Бұған қоса, Мемлекет басшысы университеттің жоғарғы курстарында оқитын студенттерді де бизнеске баулуды ұсынды. Осы бағытта бағдарлама дайындалып, оны жүзеге асыруға ел қазынасынан 32 млрд теңге бөлу тапсырылды. Бүгінде еліміздегі бітіруші курстарда, университеттің жоғарғы курсында оқитын 60 мыңға жуық студенттің кәсіпкерлікке қадам басып, өз ісін бастауына бұл орасан зор мүмкіндік деп есептеймін.

Елбасының сөзінше, жастардың стартаптарына қолдау көрсететін қорлардың қызметін ынталандыру маңызды міндет саналады. Осы орайда үкіметке жастар стартаптарын қолдаудың қорын құру тапсырылды.

«Дипломмен ауылға» бағ-дарламасына енгізілетін ма-мандықтардың тізімін кеңейтуді ұсынды. Көшіп барғаны үшін төленетін жәрдемақы мөл-шерін 70-тен 100 айлық есептік көрсеткішке дейін арттырған жөн деп баса айтты. Биылғы жыл барша қазақстандықтар үшін, оның ішінде жастар үшін қанжығалы жыл болмақ.

— Негізі жастар Қазақ-станның 14 жастан 29 жасқа дейінгі азаматтары. Ал БҰҰ классификациясы бойынша жастықтың жоғарғы шегі ретінде 44 жас белгіленіп отыр. Оны кеше Елбасы да айтып өтті. Сіз қайсысын дұрысырақ деп санайсыз?

— Елбасымыз дұрыс айтады. Жастықтың саны 29 жаспен шектелмейді. Біз, жастар саласында жұмыс істеген соң түрлі мәдени және спорттық іс-шараларды ұйым-дастырған кезде 30-40 жас аралығындағы азаматтар біздің іс-шараларымызға белсенді қатысады. Бұның өзі сіздің сұрақтарыңызға дәлел деп айтуыма толық негіз бар.

— Жастардың басты қаруы не?

— Ықылым заманнан бері бабаларымыз «білекті бірді жығады, білімді мыңды жы-ғады» деген нақылын біздерге мұраға қалдырып кеткен. Қазақтың бұл мақалының өзі бүгінгі күні айрықша мәнге ие болып отыр. Бұл заман білекке емес, білімге сенетін заман. Заманауи әлемде елдің қуаты, ең алдымен, білім мен ғылымда болатын уақытқа келдік. Сол білімді қажетке, тұрмыс игілі-гіне жарата білуімізбен ғана бағаланады. Үлкен әлемдік са-йыста бәсекеге қабілетті болуымыз үшін заман талабына сай білімді,  білікті,  жігерлі,  ойлы жастар болуымыз қажет.

— Өткен жыл Ескелді ауданының жастары үшін жеңістер жылы болды десем, қателеспейтін шығармын. Биыл өткен жылғы межеден асып түсе аламыз ба?

— Әрине! Бұл үшін ауданымызда үлкен мүмкіндіктер берілген. 2017 жылы аудандық жастар ресурстық орталығы жыл бойы 5563 жасты қамтыған 76 іс-шара ұйымдастырды. Ал 2018 жылы 7000-ға жуық жастарды қамтыған 100 жуық іс-шараларды ұйымдастырып, белгіленген межеден асып түстік. Ауданымыздың жастары облыстық, тіпті республикалық ареналарда бой көрсетіп, ал-дыңғы көшке шықты. Аудан әкімі Бағлан Сағындықұлы жастар саясатын жетілдіруге айрықша мән беріп, әрқашанда қолдан келер кеңесі мен көмегін бізден аямайды. Ал біз, жастар, осындай көрсетіліп жатқан қолдауды тиімді пайдаланып, биік шыңдарды бағындырамыз деп зор сеніммен айта аламын.

Сұқбаттасқан Зейнегүл ЖҰМАБЕКОВА.