Жетісулықтардың 81%-ы вакцинаның бірінші компонентін алды

2022 жылдың 14 ақпанындағы жағдайы бойынша облыста вакцинаның бірінші компонентін 971 157 адам, немесе тиісті контингеттің 81% – ы, екінші компонентті – 881 917 азамат немесе иммундауға жататын ересек тұрғындардың 74% — ы алды.
Қазіргі уақытта облыс тұрғындары төрт вирусқа қарсы препараттан вакцина таңдай алады, олар: Гам-КОВИД-ВАК (Спутник V), «QazCovid-in», «SinopharmVeroCell» және жасөспірімдерге, жүкті, бала емізетін әйелдерге, сондай-ақ 60 жастан асқан адамдарға және медицина қызметкерлеріне арналған Comirnaty (Pfizer).
Сонымен қатар, облыста жасөспірімдер, жүкті және бала емізетін әйелдер арасында вакцинация жұмыстары жүргізілуде. Облысқа барлығы 380 250 доза Комирнати вакцинасы келіп түсті. 14 ақпандағы жағдай бойынша вакцинацияланған халық саны 91 934 адамды құрайды, оның ішінде 75 341 жасөспірім, 3686 жүкті әйел және лактация кезеңінде 12 907 әйел.
Одан бөлек, 187 584 адам иммундаудың толық курсынан өтті. Оның ішінде 180 320 адам «QazCovid-in» және «SinopharmVeroCell» вакциналарын алса, 7264 адам Comirnaty (Pfizer) вакцинасын алды.
Айта кетейік, Алматы облысында бір тәулікте 7 оқушы, 2 студент пен 14 жасқа дейінгі балалардың 11-і індетке шалдыққаны анықталды. Өзгеде тұрғындардан вирустың табылғанын ескергенде барлығы 70 адамнаның коронавирус жұқтырғаны белгілі болып отыр.
Облыс бойынша КВИ өсу қарқыны соңғы екі аптаны салыстыру кезінде 0,5%-дан 0,2% — дейін төмендеді.