Игі істің алдында: Ескелді аудандық полицейлерінің ерлігі

Ерболат Сәтеков пен Нұрсейіт Абдрахмановтың Алматы облысына қарасты, Ескелді ауданында тәртіп сақшыларының қатарында қызмет етіп жүргендеріне 15 жылдың жүзі болды

Жолдағы қауіпсіздікті қамтамасыз етумен оны сақтау олардың күнделікті міндеттері болып табылады. Қос тарланның қызметтегі парыздары, олардың жүрегінде адамгершілік пен мейірімділікті сақтап тұруының негізгі кепілі.

Полиция қызметкерлері қолайсыз ауа-райының салдарынан аудан аумағында кезекті потрульдеуге шығады. Сол сәтте, өтіп бара жатқан қартты көздері шалады. Ол 93 жастағы Ешкіөлмес ауылының тұрғыны екен. Жалғыз басты әженің дәріхана іздеп жүргенін біліп, Ерболат пен Нұрсейіт қарияны қызметтік көліктеріне отырғызып, қажетті дәрі-дәрмек, азық-түлікті алып беріп, үйіне жеткізген.

» Потрульдеуді күнделікті белгіленген жерде жүргіземіз. Барлығына мәлім, біз жолдағы қауіпсіздікті бақылауға аламыз, бірақ кей кезде жалғыз басты қарттарымыздың ауыр сөмкелерді арқалап кетіп бара жатқанын көріп қаламыз, сондай кезде олардың керекті жеріне жетуіне көмектесеміз. Бұлда менің қызметтегі борышым деп есептеймін»,- дейді Аға лейтенант, полиция потрулі тобының қызметкері Нұрсейіт Абдрахманов.

Қос батырдың әріптесі, полиция аға лейтенанты Бағлан Ерланов Ерболат пен Нұрсейіттің әрекеті құрметтеуге тұрарлық деп еске алды.

Үш жыл бұрын, екеуі кезекті жол қозғалысын бақылап тұрған кезде, өрт оқиғасы орын алғаны жайлы қоңырау келіп түскен. Қарабұлақ ауылында 5 балалы отбасының үйі қызыл жалынға оранған. Уақыт бүйірден қысқанда, өрт сөндірушілер келгенше Ерболат пен Нұрсейіт ойланбастан отбасы мүшелерін құтқару үшін, шарпыған оттың арасына кіріп кеткен еді. Дәл сол сәттегі полицейлердің жедел әрекетінің арқасында адам шығыны орын алмады. Бұндай әрекеттерін ерлікке баламау мүмкін емес.